ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"



















Хабарландыру!
 
     Институт кітапханасында оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің « Жыл кітабы »
атты көрмесі ашылды.Ұсынылған басылымдармен кітапхананың ғылыми залында танысуға болады.

 
Хабарландыру!
 
   1 ақпан кітапхананың оқу залында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талдауға орай мерзімді басылымдар беттерінен көрме ұйымдастырылды.
 

Хабарландыру!
     Оқушылардың ғылыми көзқарастарын кеңейту және оларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына дағдысын және белсенді өмірлік ұстанымын арттыру және дамыту мақсатында Семей мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың ақпан айының 11-ші жұлдызынан сәуір айының 22-ші жұлдызы аралығында жыл сайынғы аймақтық пәндік олимпиада өткізеді. Олипиадаға қатысуға жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-гимназияларының және лицейлердің 9, 10, 11 сынып оқушылары шақырылады.
     Жеке бағдарламалар бойынша аймақтық пәндік олимпиаданы өткізудің кестесі, ережесі және тәртіптері институттың www.sgpi.kz электронды порталының Талапкер бөлімінде орналастырылған.
     Байланыс телефондар/факс: (8-7222) 36-06-60, 36-01-50, 42-29-37, электронды пошта: prof@sgpi.kz

Назар салыңыздар!
 
Сайыс!

   Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен Франция Ұлттық Білім Министрлігінің (CIEP France) халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде CIEР Францияда 10 күндік тәжірибеден өту үшін ПОҚ ішінен 10 адамнан тұратын топ құру мақсатында конкурстық іріктеу өтетіні туралы хабарлаймыз.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін берілетін өтініштер 25 қаңтарға дейін ғана қабылданады. 

 

Хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

     Сіздерді 2012 жылдың 23-24 ақпанында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілетін «Болондық процесті жүзеге асыру барысында мұғалімді инновациялық іс-әрекетке даярлау - педагогикалық білім беруді жаңашаландыру механизмі ретінде» атты Халықаралық семинар- мәжіліс жұмысына қатысуға шақырады.
 

Хабарландыру!
   Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай 1 желтоқсанда №3 оқу ғимаратында жаратылыстану факультеті мен кітапхананың ұйымдастыруымен  су астында жүзуші -офицер Мұқашев Біләл Мұқашұлымен кездесу кеші өтеді. Бағдарламада: әдеби-музыкалық композиция, студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселесі бойынша кітап көрмесі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

СМПИ бекіткен «ҚР СТ ИСО 9001:2009 стандарты талаптарына сәйкес СМЖ құжаттарын жетілдіре отырып, білім беру жүйесінің тұрақты дамуына барар жол» бағдарламасына сай 2011 жылдың 29 қарашасында, сағат 16.00-де, бас ғимараттың конференц-залында факультет, кафедра және құрылымдық бөлімдерде сапа менеджмент жүйесіне жауаптыларға арналған «ISO 9001:2000 және ISO 9001:2008 стандарттарының айырым белгілері» атты семинар өтеді.
 

Хабарландыру!
 
    «КИІЗ БАСУ» ЭЛЕКТИВТІК ПӘНІНІҢ   ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНА  студенттері мен оқытушылары шақырамыз!
Уақыты: 24 қараша, 2011 жыл, сағат 15,00; Орны: №2 оқу ғимараты, 106 аудитория
Масаева Р.А.,  аға оқытушы
Бейнелеу өнері және сызу кафедрасы

Хабарландыру!
   «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»  патриоттық апталығының аясында «Институт менің мәртебем!» атты айтысты тамашалауға шақырамыз
  Айтыс 2011 жылдың 5 желтоқсанында сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында өткізіледі.

  Хабарландыру!

   
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»  патриоттық апталығының аясында  Қазақстан Республикасы Тєуелсіздігінің 20 жылдығына  орай ұйымдастырылған  «Жасай бер, жаса, қазағым-елім!» атты патриоттық әндер байқауын тамашалауға  шақырамыз.
    Ән байқауы 2011 жылдың 2 желтоқсанында сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында өткізіледі.

Хабарландыру!
 
    МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!»  патриоттық апталығының аясында елінің жарқын болашағы үшін Желтоқсан құрбаны болған   Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған “Қайрат рухы” атты студент-ақындардың республикалық жыр мүшәйрасын тамашалауға шақырамыз.
Мүшәйра 2011 жылдың 6 желтоқсанында сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында өткізіледі.
 

Хабарландыру!
Қымбатты, жастар!

    Сіздерді еліміздің өркендеуі үшін қызмет етуге, өз құндылықтарымызды қастерлеуге шақырамыз! Ел мен Елбасы арқасында 20 ғасырға пара-пар 20 жылдық тарихы қалыптасқан жасампаз Отанымыздың көк байрағы ел жастарын биік мақсаттарға жетелей берсін!
   Ел жастарын 15 қаңтарда өтетін сайлау науқанында Ата Заңымызбен белгіленген азаматтық парызымызды орындауға жауапкершілікпен қатысуға шақырамыз!
   Біз өзін Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің адал патриотымын деп санайтын әрбір жас азаматтың біздің үндеуімізді қолдайтындығына сенімдіміз!  Ұлылар елінің ұландарының үніне үн қосыңыздар, ағайын!
 

Хабарландыру!
     2011 жылдың 26 қарашасы күні сағат 10.00-да Семей мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының ұжымы Семей қаласындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған интернатта Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Біз болашақ үшін!» атты тәрбиелік іс-шарасын өткізеді.

 

 
Хабарландыру!
 
        22 қараша күні  сағат 15.00-де тарих-филология факультетінің ұйымдастыруымен институт кітапханасында  Козыбаев  Манаш Қабашұлының 80 жылдығына орай «Академик  Манаш  Козыбаев- тарих ғылымының көшбасшысы » атты дөңгелек үстел өткізеді.

Хабарландыру!
 

Хабарландыру!
 
Құрметті әріптестер!

  Сіздерді Семей мемлекеттік  педагогикалық институтының базасында  2011 жылдың 25-қарашада (Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап)  «Педагогтан – педагогқа» атты педагогикалық шеберлік фестиваліне шақырамыз.
Байланыс мекен – жайы: ШҚО, Семей қаласы,  Тәңірберген көшесі 1,
 87222 42-68-62; 35-45-08

 
 

Хабарландыру!

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология - химия және география пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2008 ж. №282 бұйрығына сәйкес 2012 жылдың 20–22 сәуір аралығында экология пәні бойынша VI Республикалық оқушылар олимпиадасын өткізеді.


Ақпараттық хат

Экология пәнінен өтетін VI Республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ереже


 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ!
 
Назар аударыңыз, ҚОФ студентттері

   
Өткізілетін академиялық кезеңнің барлық бақылау, есептеу-графикалық және курстық жұмыстардың түрлері оқу-емтихандық сессия басталуынан екі апта бұрын қашықтықтан оқыту факультетінің деканатына тіркеу үшін өткізілуі тиіс.
    Өткізілмеген жағдайда Сіз сессияға жіберілмейсіз, сәйкесінше оқудан шығарыласыз.
    СМПИ Қашықтықтан оқыту факультетінің деканаты:
Мекен-жайы: 071400, Семей қаласы, Е.Қашаған көшесі, 1; № 3 оқу ғимараты,
№ 201 каб.   Телефон: 8-(7222)77-32-84, e-mail: fdo@sgpi.kz, институт сайты: www.sgpi.kz
 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ!
 
Құрметті студенттер!!!

   04.11.11ж.  сағат 15.00-де  СМПИ №3 оқу ғимаратында тарих-филология факультетінің ұйымдастыруымен «КҮЗ КӨРКІ – ЖАПЫРАҚ» атты сайысына, мектеп оқушылары мен СМПИ студенттерін шақырамыз.

 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Қазан айының 28-і күні сағат 15:00-де тарих-филология факультеті «Хэллоуин» мейрамын өткізеді.  Келіңіздер, көріңіздер!
Өтетін орны: СМПИ 3-ші оқу ғимараты

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!


СМПИ  кітапханасы  «Ұстаздық еткен жалықпас» атты  институттың жетекші ғалымдарымен өтетін іс-шараны жалғастыруда. 1 қараша күні сағат 15-те оқу залында жаратылыстану факультетінің деканы, х.ғ.к  Ибраева Людмила Сабитовнамен кездесу-кеші өткізіледі.

 


ХАБАРЛАНДЫРУ!

Семей мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің отырысы
2011 жылы 27 қазанда сағат 15:00-де өткізіледі

КҮН ТӘРТІБІ:
 

1.    Алдыңғы қатарлы Қазақстанның жоғары оқу орындарында магистрларды және PhD докторларын дайындауды жетілдіру бойынша институт кафедраларының жұмысы туралы.
Баяндамашы - Панин М.С., ѓылыми ж±мыстар жєне халыќаралыќ байланыстар жµніндегі проректор.
2.    Жаратылыстану ғылымдары факультетінде бірнеше тілділік білімі бар кадрларды даярлау.
Баяндамашы - Ибраева Л.С., жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы.
3.    Әртүрлі.

 
 
Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары                         М.С.Панин
 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Семей мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
2011 жылдың 26 қазан күні сағат 14.00 - де акт залында  «Озық әдістемелік тәжірибені жинақтау және насихаттау»
(мектеп, лицей, колледж және басқа білім беретін мекемелер ұйымдар мұғалімдеріне) дөңгелек үстел өткізеді.
 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ!

       Семей мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ Шығыс Қазақстан облысы мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері мұғалімдерінің

         1).  бір апталық (36 сағат) біліктілікті арттыру курстарын 7 қарашадан 12 қараша аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізеді:
- Білім берудің жаңа мақсаттарын жүзеге асырудың педагогикалық – психологиялық технологиясы (білім жүйесінің басқарушы мамандарына арналған);
- Тарих және дін: қоғамдық тенденциялар;
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық – ұйымдастырушылық қызметі;
- Физикадағы мектеп экспериментінің техникасы (лаборанттарға араналған);
- Мектепте география пәнін оқытудың жаңа бағыттары;
- Шағын мектептерде оқу үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері.
        
         2).  үш күндік (18 сағат) біліктілікті арттыру семинарын 7 қарашадан 9 қараша аралығында келесі тақырыптар бойынша өткізеді:
- Мектепте ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі;
- Мультимедиялық әдістерді қолдану арқылы оқытудың жаңа технологиялары;
- Мектепке дейінгі ұйымдарда ғылыми – зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру.
Оқыту тілі – қазақша және орысша.
Сабақ 14.00 ден 18.30 сағат аралығында өтеді.
Сабақ ақы төлеу негізінде ұйымдастырылады.
Біліктілікті арттыру курсының ақысы – 7000 тенге, семинар ақысы – 4000 теңге.
    Курс аяқталуымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
    Біліктілікті арттыру курстарына тапсырыс 2011 жылдың 7 қарашасына дейін қабылданады.
Курсқа қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс:
- жеке куәлігінің көшірмесін,
- диплом көшірмесін,
- оқудың ақысы төленгені туралы құжат,
- бекітілген үлгідегі өтініш.
Факс/тел.: 8(7222) 64-62-09,
Еmail: rcpk@sgpi.kz
 

 
Хабарландыру
 
   2011 жылдың қазан айының 24-28 аралығында тарих - филология факультеті «Гуманитарлық ғылым апталығын» жариялайды. Апталықта факультет кафедралары бекітілген бағдарлама бойынша іс-шаралар  өткізеді.

Хабарландыру

  «Философия, құқық және экономика негіздері» кафедрасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Мен құқылымын!», «Я имею право!» тақырыбында факультетішілік плакаттар сайысын өткізеді.
 
Өткізу мерзімі: қазан айының 10-28 аралығында. 
Өткізу орны: СМПИ №2 ғимарат.
 


                                                                                                  
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 

 
Хабарландыру
 
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойына дайындық барысында Семей мемлекеттік педагогикалық институты Шығыс Қазақстан облысының Республикалық қоғамдық бірлестігі «Ардагерлер ұйымы» филиалымен бірлесіп «Ұлы Жеңіске сенің де жақындарыңның үлесі бар» атты тақырыпта областық конкурс өткізеді.
Конкурсқа мектептің орта және жоғары сынып оқушылары, орта-арнайы және жоғарғы оқу орындары студенттері қатыса алады.
Конкурстың өту мерзімі: 2011 жылдың қазан-қараша айлары  Конкурс туралы ереже қоса тіркеледі.

                                                                                                                
ЕРЕЖЕ

 
Хабарландыру
 

Семей мемлекеттік педагогикалық институты Шығыс Қазақстан облысының білім Басқармасы және Семей қаласының білім бөлімімен бірігіп мұғалімдердің инновациялық жобалары облыстық сайысын өткізетіндігін хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс және инновациялық жобалар 2012 жылдың 10 ақпанына дейін Ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне мына мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет: Семей қ., Тәңірбергенов көш., 1, 310 каб., тел. 42-53-72, e-mail: on@sgpi.kz

                                                                                                                  ЕРЕЖЕ


 

 
 
Хабарландыру

Құрметті әріптестер және студенттер қауымы!!!

   Сіздерді шығармашылық сайысқа қатысуға шақырамыз!  Сайыс бас ғимараттағы  бірінші және екінші қабаттағы холды безендіру, екінші қабаттағы стендтарды безендіру және жаңа ақпараттар енгізу  жобаларын жасау. Өз жобаларыңызды бейнелеу өнері және сызу кафедрасына өткізесіздер, жұмыстар қағаз және электронды түрде болу керек.
Жобалар қазан айының 14-19 аралығына  дейін қабылданады. Ең үздік жобалар СМПИ сайтында орналастырылады.
 
 
 
 
 

Хабарландыру 
 
 Сіздерді белгілі абайтанушы, ғалым-текстолог, профессор Қайым Мұхамедханұлының 95 жылдығына арналған «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.
 Конференция 2011 жылғы 21 қазанда Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді.
Конференция Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында (Ә.Тәңірбергенұлы көшесі,1) сағат 10.00-да басталады.
 

 
Annoucement
 
Dear colleagues!

   Organization Committee is pleased to invite you to participate in the International Academic-Practical Conference “Formation of citizenship of students in the context of globalization” which will be held November 23-25, 2011 in the Semey State Pedagogical Institute.
 
 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті әріптестер!

  Семей мемлекеттік педагогикалық институты Сізді 2011 жылдың 23-25 қарашасында өткізілетін «Жаһандану жағдайында студент жастар бойында азаматтылық қалыптастыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
 

 
ХАБАРЛАНДЫРУ


    11 қазан күні сағат 10:00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында, Францияның Жалпы және Жоғары білім беру және Ғылым Министрліктерінің Халықаралық Педагогикалық Зерттеу орталығы мен Семей мемлекеттік педагогикалық  институты  арасындағы әріптестік туралы меморандумға арналған  дөңгелек үстел өткізіледі.
  Шара білім беретін көрмелердің тұсаукесерімен  басталады. Көрмеде барлық мамандықтар және институттың тіл дамыту орталығымен таныстырады. Дөңгелек үстелдің екінші бөлімі екі жақты  меморандумға қол қоюға арналады.



 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
«2011 жылға мемлекеттік оқу орындарының педагог мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
бюджеттік бағдарлама бойынша Шығыс Қазақстан облысы мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері
мұғалімдерінің үш апталық (108 сағат көлемінде) біліктілікті арттыру курстарын
                                                                  2011 жылдың 17 қазанынан 5 қарашасы аралығында мына бағдарламалар бойынша өткізеді: 
1. Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.
2. Қазақ тілі мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (орыс аудиториясына).
3. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.
4. Білім беруді модернизациялау жағдайында электрондық оқытудың өзекті мәселелері (информатика, музыка, психология).
Оқыту тілі – қазақша және орысша.
Сабақ 14.00 ден 18.30 сағат аралығында өтеді.
Курс аяқталуымен бекітілген үлгідегі сертификат беріледі.
Біліктілікті арттыру курстарына тапсырыс 2011 жылдың 12 қазанына дейін қабылданады.
Курсқа қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс:
жеке куәлігінің көшірмесін,
диплом көшірмесін,
бекітілген үлгідегі өтініш.
Факс/тел.: 8(7222) 64-62-09,
Еmail: rcpk@sgpi.kz

 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» кафедрасы 2011 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында 1-қазан халықаралық Музыка күніне орай «Музыка апталығын» өткізетінін хабарлайды. «Музыка апталығы» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған.
 

 
Хабарландыру
  
Ұйымдастыру комитеті Сізді Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2011ж. 29-30 қыркүйек айында өткізілетін «Модернизацияның саяси-әлеуметтік ықпалы: бағыттары және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
 

 
Құрметті студенттер !

Семей мемлекеттік педагогикалық институты мен
Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жоғарғы оқу орындарындағы
әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттік инновациялық жобалар конкурсын жариялайды.
Конкурс жеңімпаздары сыйлақтар мен дипломдармен марапатталады.
  Конкурсқа қатысу туралы сұраныс және ғылыми жобалар 2011 жылдың 18 қарашасына дейін
Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне өткізілуі қажет.
 
Адресіміз: Тәңірбергенов к-сі 1, 310 каб.,
Байланыс тел. 42-53-72, e-mail: on@sgpi.kz
 

 
Назар аударыңыз, сайыс !!!

Жоғарғы және жоғарғы оқу орындарынан кейінгі департамент 2011-2012 оқу жылына студенттер мен түлектерге және ғалымдарға Австрия Республикасының зерттеу стипендиаларына гранттар ұсынғанын хабарлайды. Қосымша ақпаратты www.grants.at сайтынан алуларыңызға болады.
 

 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Тарих –филология факультетінде сайлау өтеді

2011 жылдың 14 қыркүйегінде Тарих – филология факультетінде кіші декан сайлауы өтеді. Мақсаты – студенттердің өзін өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру және демократиялық көзқарасты қалыптастыру.

                                                                                                      Өтетін орны: СМПИ № 2 ғимараты
                                                                                          Өтетін уақыты: 9:00 – 15:00

 

 


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


         Қыркүйек айының 16-сы күні  Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында, қазақ тіліне жанашыр қауымның ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл білім саласында: бүгіні және болашағы"  атты дөңгелек үстел өткізілді.
    “Тілге ықылас болса, сөйлейтін орта табылады” - дегендей, аталған шарада: Қазақстан Республикасында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік жобаның» білім беретін салада қоятын міндеттері талқыланды. Әсіресе соның ішіндегі орта мектептегі, арнайы орта білім беру мекемелердегі,  колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайында мәселелер қозғалды.


Тұңғыш рет қаламызда 2011 жылдың 28-29 қыркүйегінде  Семей мемлекеттік педагогикалық институтында
Қазақстанның жетекші ғалымы, биология ғылымдарының докторы, Өсімдіктану және фитоинтродукция институтының (Алматы қ.) профессоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылымға енбегі сіңген қайраткер
БАЙТУЛИН ИСА ОМАРҰЛЫНЫҢ  дәрісіне

 ШАҚЫРАМЫЗ!!!
 
2011 ж. 28 қыркүйегі
11:00 – «Қазақстанның биологиялық сан түрлілігі, тиімді қолдану мен сақтау шаралары» атты дәрісі.
15:00 – «Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәселелері» атты дәрісі
 
2011 ж. 29 қыркүйегі
11:00 – биолог, эколог, географ оқытушылар және магистранттармен кездесу. «Экология пәні және міндеттері туралы ұғым»
тақырыбындағы дөңгелек үстел
 
Қаламыздың ЖОО, колледж студенттері, магистранттары мен оқытушылары шақырылады.
 
Дәрістер Семей мемлекеттік педагогикалық институтында мына мекенжай бойынша өткізіледі: 071410, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Тәңірбергенов к-сі 1, акт.залы.
Қосымша ақпаратты 42-29-37, 42-53-72 (106) телефондары немесе E-mail: on@sgpi.kz сайты бойынша алуға болады.
 

Хабарландыру

   Қыркүйек айының 29 – 30 аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында тарих – филология факультетінің ұйымдастыруымен «МОДЕРНИЗАЦИЯНЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТІК ЫҚПАЛЫ: БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтеді.
  Конференция мақсаты: модернизацияның экономикалық, әлеуметтік мәдени мәселелеріне қоғам мен биліктің назарын аудару, оның әлеуметтік саяси қырлары мен салдарын зерттеу, шетел және отандық тәжірибелерді сипаттай келе модернизацияға қатысты әлеуметтік мәселелерді тиімді шешудің жолдарын анықтау.
   Конференцияға Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, және т.б. алыс, жақын шет елдерден ғалымдар қатысады.
  Конференцияға қатысушылар Қазақстанның саяси - әлеуметтік және экономикалық даму жолындағы кедергілер мен жеткен жетістіктері туралы ғылыми баяндамаларды тыңдауға мүмкіндік алады және конференция материалдары арнайы жинақ болып басылып шығады.