|
|
Құрметті абитуриент!
Сіздің алдыңызда үлкен сын күтіп тұр: ол – болашақ өмір жолын таңдау мәселесі және мамандықты таңдау. Бұл істе маңызды рөл Мұғалімге беріліп келгені және берілетіні сөзсіз.
Бұл міндеттің маңыздылығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында да көрініс тапқан. Онда білім беру жүйесіндегі реформалардың нәтижесінде жаңа формациядағы педагог пайда болуы тиіс делінген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты – тарихы тереңге тартқан, ерекше мол білім беру тәжірибесі бар, халықаралық деңгейдегі білім беру жүйесі қалыптасқан және мықты ғылыми инновациялық құрылымды жоғары оқу орындарының бірі.
Институтта халықаралық байланыстар дамып, жетілуде.
Біздің түлектер мектепте сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар білім ұйымдарын басқаруға, мемлекеттік басқару ұйымдарында және ірі фирмаларда жұмыс істей алады. Аймақтың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ат салысады.
Ақ жол тілейміз, қымбатты достар!
Семей мемлекеттік педагогикалық институтына қош келдіңіздер!
СМПИ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ғ.Ескендіров
|