ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!


Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін
                                                  М. Жұмабаев


    Семей – кешегі Алаш арыстарының астанасы, қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлылар мекеніне айналған қасиетті жер. Республикамызда  жастар белсенділігі жағынан Алматы мен Астана қаласынан кейін үшінші орында Семей қаласы. Осыдан бес жыл бұрын Елбасының пәрменімен құрылған педагогикалық жоғары оқу орындары, соның  ішінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институты да Шығыс өңіріндегі жаңашыл технологиямен жұмыс істейтін ұстаздардың жаңа буынын даярлайтын жоғары оқу орны. Семей мемлекеттік педагогикалық инстиутында студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту, студенттің тұлғалық қабілетін ашу мақсатында құрылған Жастар ісі жөніндегі комитет туралы сөз қозғамақпыз. Физика-математика факультетінің 3-курс студенті Шоқабаев Мейіржан басқаратын Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатының институт ішіндегі құрылымдық бөлімі болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті – Жастар саясатының жүзеге асуына атсалысу, студенттердің құқықтарының қорғалуын қадағалау.
-    Құрметті әріптестер, білім мен белсенділікті тең ұстап, бірігіп жұмыс жасасақ біз көп табыстға қол жеткіземіз,- деп ректорымыз М.Ғ. Ескендіров мырза жастарды үнемі бірлікке, ынтымақтастыққа шақырып отырады. Жас ректордан жастар әрқашан қолдау табуда.  
Жастар ісі жөніндегі комитеттің кіші декандар жұмысы бойынша орынбасар Майлюбаева Асел, қоғамдық ұйымдар жұмысы бойынша – Косетова Феризат, кіші декандарға келетін болсақ, қазақ филологиясы факультетінің кіші деканы – Серікқызы Мөлдір, физика-математика факультетінің кіші деканы – Оралбаев Жалғас, тарих филологиясы факультетінің кіші деканы – Арыстанбекова Диляра, психолология-педагогика факультетінің кіші деканы – Ағзамова Гүлім, жаратылыстану ғылымдары факультетінің кіші деканы Мухаметжанова Гүлмира, студенттік кәсіподақ ұйымының жетекшісі Искакова Анар, жатақхана студенттер кеңесінің төрайымы - Төлеуханова Гүлнүр, студенттің қауіпсіздік қызметінің төрағасы – Айтқалиев Ерсұлтан, «Жасыл ел» жасағының жетекшісі – Түрмекбаев Жарас, студенттік құрылыс жасақ отрядының жетекшісі – Мусин Қуантай, педагогикалық отрядтың жетекшісі – Наурызбаев Бауыржан.
    Сонымен қатар, көңілді тапқыштар клубы «Серілер» командасы, сөз майталмандары «Парасат» дебат клубы жұмыс жасайды. Институмыздағы КТК лигасының президенті Ғалымбеков Қуаныш, «Парасат» дебат клубының жетекшісі Сембаев Талғат.
    Институтымызда еліміздегі үлкен жастар ұйымдарының филиалдары жұмыс жасайды. «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалы, институтымыздың  «Жас Отан» жастар қанаты жетекшісі – Балтабеков Еркебұлан, институтымыздағы  «Қазақстан студенттер Альянсы» жетекшісі – Ульянов Бердібек.
    Институт басшылығының қолдауымен көптеген шараларға жоспарлар жасалып үлгерді.
      «Жалғыз ағаш орман болмайды» демекші, мұндай маңызды шаралардың барлығы көппен бірге бітетін іс. Институт абыройы үшін еңбек етіп жүрген барлық белсенді студенттер, кіші декандар, жастар ұйымдарының жетекшілерінің еңбектерін ерекше атауға болды. Жастар кез-келген қоғамның қозғаушы күші, болашағы болғандықтан біз өз кезегімізде алған біліміміз бен білігімізді мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін іс жүзіне асыруға тырысамыз. Болашақта «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» бірге құруға ат салысайық.