ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
«Жас Отан» Жастар қанаты

«Жас
Отан» ЖҚ қызметінің мәні:
Қоғамның саяси өміріне қатысу; «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау «Жас Отан» ЖҚ-ның негізгі мақсаты болып табылады. «Жас Отан» ЖҚ — «Нұр Отан» ХДП саясатының белсенді жүргізуші, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.
«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:
Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;
Жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастанр саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге-де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;
Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
Салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;
Жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
Жастарды, аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
Дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету;
Ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жастардың ғылыми-зерттеу, ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қолдау;
 «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген олардың міндеттерін халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
«Жас Отан» ЖҚ мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
«Жас Отан» ЖҚ миссиясы «елді дамытуда жаңашыл серпілісті қамтамасыз ету мақсатында ұлт көшбасшысының саясаты тұғырнамасында Қазақстан жастарын біріктіру» болып табылады. Ал «Жас Отан» ЖҚ мақсаты – «Өзінің артынан жастарды ерте аларлық мықты әрі беделді саяси жастар ұйымын құру». «Жас Отан»  өз миссиясын орындау үшін және негізгі мақсаттарына қол жеткізуі үшін көрсетілген кезеңде өз жұмысының негізгі бағыттарын анықтайтын бірінші кезектегі бірқатар міндеттерін іске асыруы қажет. Партия көшбасшысы – ел Президентінің саясатына қолдау көрсетуге жастарды біріктіру. Осы міндеттердің шегінде жастарды мемлекеттік-саяси негізде біріктіруді, жастардың партияға деген сенімін арттыру бойынша кешенді шаралардың әзірленуін, жастар арасында партия көшбасшысы – ел Президентінің беделін нығайтуды қамтамасыз ету қажет.
      2009 жылдың қараша айынан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас Отан»  Жастар қанатының бөлімі ашылып, қазіргі уақытқа дейін жұмыс жасап келеді. Атқарған шаралары аз емес, атқаратын шарасы да аз емес.......