|
Студенттер үшін қосымша ақпарат
Тұратын жерлерге орналастыру:
Жабдықталған жатақханалар:
№1 жатақхана, Найманбаев көшесі 261, орын саны – 146;
№2 жатақхана, Найманбаев көшесі 263, орын саны – 146;
Жатақханаларда интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған 2 оқу залы, өзіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған медицина орталығы және кір жуатын орындар бар.
Тамақтандыру:
Әрбір оқу ғимаратында буфет орналасқан.
Медициналық қызмет:
Үш оқу ғимаратында үш медициналық пункт бар.
Студенттерге қаржылық көмек:
Жетім студенттерге «Институттың бюджеттен тыс қаржылары есебінен келісімшарт бойынша білім беру қызметінде грантқа ұсыну және жеңілдік жасау жөніндегі комиссия туралы ережеге» сәйкес тегін тамақтандыру ұйымдастырылады.
СМПИ-нда «Студентті әлеуметтік жағынан қолдау» атты арнайы бағдарлама іске асырылды. (Институт сайты: www.sgpi.kz., «Студентті әлеуметтік жағынан қолдау» сілтемесі).
Студенттік офис / студенттер ісі жөніндегі офис:
Институтта студенттер қозғалысын тіркеуге алу бөлімі (№1 бас ғимарат, №110 дәрісхана),Тіркеуші офисі, жастар ісі жөніндегі Комитет жұмыс істейді, сонымен студенттер туралы басқа да қосымша ақпараттарды институттың сайтынан www.sgpi.kz. алуға болады. «Түлектер туралы мәліметтер» сілтемесі. "Ustaz-Semey" білім беру порталы осы сала бойынша қызмет етеді (институт сайтында www.sgpi.kz "Ustaz-Semey" сілтемесі).
Оқу үшін жасалатын жағдайлар (сабақтың материалдық базасы):
Оқу үдерісі 4 оқу ғимаратында, кітапханада, агробиостанцияда, жалпы аумағы – 26590,9м 2оқу базасында жүзеге асырылады. Институтта үш қор орталығы, лингафон кабинеті, екі компьютерлік зертхана, химия, физика, биология және экология зертханалары жұмыс істейді.
Оқу, оқу-зерттеу сабақтарын, ЭЕМ қолданумен өтетін курстық және дипломдық жобалауларды, сонымен бірге информатика сабақтарын жүргізуде 5 мультимедиялық орталық, 11 компьютерлік сынып пайдаланылады. Компьютерлік сыныптар институттың жергілікті желісіне қосылған институтта студенттер үшін Wi-Fi. сымсыз желісі арқылы ақысыз интернет қосылған.
Институт кітапханасы 4 оқу залымен және 3 абоненттік бөліммен жабдықталған, 4 оқу залындағы отыратын орын саны – 300 бірлік.
Халықаралық бағдарламалар / тәжірибеден өту / айырбас бағдарламалары:
Институт сайты: www.sgpi.kz, «Халықаралық қызметтестік» сілтемесі «Халықаралық жазғы тілдік лагерь - International Summer language camp», «MA (ED) DEVELOPING EDUCATION FOR SUSTAINABLE GLOBAL FUTURES».
Жағдайлар / спортпен шұғылдану базалары:
Институтта қызмет көрсетеді:
- спорт кешені (футбол залы, күрес залы, теннис залы, ойын залы), Кульжановтар көшесі, 1
- №3 оқу ғимаратындағы спорт, залы, Қашаған көшесі, 1.
Жағдайлар / студенттердің демалыс базасы:
№ 1, 3 оқу ғимараттарында көпшілік – мәдени шараларды өткізетін 2 акт залы бар.
Студенттік қауымдастықтар:
Институт сайты: www.sgpi.kz, «Студенттік өмір сілтемесі».
|