ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"


















Мұғалім - барлық  білім жүйесінің негізі ,
жаны мен жүрегі

Н.Назарбаев



"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ - СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ"
облыстық конкурсы



Конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты
және Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы өткізеді

Конкурс 2009 ж. 15-16 қазанда

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
75 жылдығына арналып өткізіледі

1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері


1.1.    Мақсаты: Білімдік, кәсіптік, жалпы мәдениеттік, әлеуметтік, ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі жоғары, интеллектуалды талантты педагогтарды айқындау.
1.2.    Міндеттері:      
"    педагогтің позитивті әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру, оны қолдау және ынталандыру;
"    қоғамдық дамудың басым бағыттарын айқындайтын әлеуметтік институт ретінде білім жүйесі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру;
"    педагогтардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылығын арттыруға және кәсіби дамуына ынталандыру;
"    мұғалім мамандығының беделін көтеру;
"    озық тәжірибені қорытындылау және тарату;
"    шығармашылық және ынтымақтастық жағдайды қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған тиімді технологиялардың және оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың әдістемелерін іздестіру.

2. Конкурсқа қатысушылар

2.1.    Конкурсқа Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес облыс мектептерінің мұғалімдері қатыса алады.
2.2.    Кандидаттарды ұсыну мұғалімнің кәсіптік қызметінің нәтижелілігін бағалау өлшемдері және көрсеткіштері бойынша білім мекемесінің педагогикалық кеңесінің (ұжымының) шешімімен өткізіледі (1-үлгі).

3. Конкурсты ұйымдастыру

3.1.    Жоғары оқу орнында конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге институт ректоры басқарған ұйымдастыру комитеті құрылады.
3.2.    Конкурсқа қатысуға ұйымдастыру комитетіне білім мекемесінен бір өкілге ғана құжаттар жіберіледі.

4. Құжаттарды тапсыру тәртібі

4.1.    Конкурсқа қатысушыларды тіркеу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар тапсырылады:
"    Мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелігін бағалау өлшемдерін дәлелдейтін портфолио (1-үлгі) - титул парағымен файл-папка            (3-үлгі), суреті (9х13); данасы және беттер саны көрсетілген материалдар тізімі;
"    білім мекемесінің педагогикалық ұжымының ұсынысы (2-үлгі).
4.2.    Барлық материалдар қазақ және орыс тілдерінде 2009 ж. 1 қазанға дейін мына мекенжайға: ШҚО, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, 306-кабинетке ұсынылады. Тел/факс: 8 (7222) 42-29-37, 42-49-41, e-mail: pur@sgpi.kz, Marzhan2004@rambler.ru

5. Материалдарды ресімдеу тәртібі

5.1.    Материалдар 6,0 (7,0) "Word" мәтіндік редакторда терілуге тиісті; жиектері: жоғары жағы - 2,5, төменгі шеті - 2 см, оң жақ шеті - 1,5, сол жақ шеті - 2,5 см; шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman; жол аралығы - 1, символ көлемі - 14, автоматты тасымалдау бойынша, абзац - 1,25 см, материал тақырыбы бас әріппен жазылуы тиіс (жалпақ шрифтпен).
5.2.    2009 ж. 1 қазаннан кейін (пошта мөртабаны бойынша) түскен материалдар қаралмайды.

6. Конкурстың қазылар алқасы, бағалау өлшемдері

6.1.    Қазылар алқасының құрамын Семей мемлекеттік педагогикалық институтының конкурстық ұйымдастыру комитеті құрады.
6.2.    Бірінші (сырттай) турда қазылар алқасы келесі индикаторлар бойынша конкурсқа қатысушылардың тапсырған портфолиосын бағалайды:
"    ғылыми-әдістемелік не ғылыми-зерттеу тақырыптары, зерттеу бағдарламасы;
"    пән бойынша мультимедиа бағдарламаларын, жаңа педагогикалық және оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану;
"    педагогикалық қызметі нәтижесінің мониторингі.
6.3.    Үздік портфолиолар - "Бүгінгі кәсіби мұғалім - еліміздің бәсекеге қабілетті келешегі" шығармашылық конкурсының екінші турына мұғалімдерді қатысуға шақырудың негізі болып табылады.
6.4.    Екінші турда конкурсқа қатысушылар келесі индикаторлар бойынша бағаланады:
"    еліміздің дамуындағы беталыстарды талдай білу және Қазақстан Республикасы білім саясатындағы мұғалімдер кәсіби қауымдастығының рөлін көрсету;
"    азаматтық ұстаным;
"    шешендік шеберлік;
"    креативтілік (сөз сөйлеуге шығармашылықпен қарау);
"    мұғалім мамандығын лайықты көрсету.

7. Конкурс жеңімпаздарын мадақтау

7.1.    Конкурс жеңімпазына "Шығыс Қазақстан облысының үздік мұғалімі - Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі" атағы, "СМПИ-ға 75 жыл" мерейтойлық медалі, бағалы сыйлық беріледі.
7.2.    Барлық конкурс қатысушыларына СМПИ сертификаты беріледі.
7.3.    Конкурстық қазылар алқасы ең жақсы портфолио тапсырған мұғалімдерді арнайы дипломдармен марапаттайды.
7.4.    Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары "СМПИ жаршысы", "Еуразия орталығы", "Қазақстан мұғалімі" журналдарында жарияланады.

8. Конкурсты насихаттау

8.1.    Конкурстың беделін көтеру мақсатында ұйымдастыру комитеті ақпараттық материалдарға, конкурстың бейнежазбаларына насихаттау жүргізеді.
8.2.    Конкурстың мәліметтер банкі құрылады. Конкурс нәтижелері БАҚ-та жарияланып тұрады.
8.3.    Конкурсқа қатысу туралы қосымша мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: ШҚО, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, 306-кабинет, тел/факс: 8 (7222) 42-29-37, 42-49-41, e-mail: pur@sgpi.kz, Marzhan2004@rambler.ru

Форма