|
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
75 жылдығына арналған "Шығыс Қазақстан облысының үздік мектебі" облыстық конкурсының
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
1.1. "Шығыс Қазақстан облысының үздік мектебі" конкурсын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы өткізеді.
1.2. Конкурстың мақсаты:
" "ЖОО - мектеп" бағдарламасын іске асыру арқылы аудандық, қалалық мектептермен өзара ынтымақтастықты жалғастыру;
" құрамында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері бар шығармашылықпен айналысатын педагогикалық ұжымдар туралы қоғамдық пікір қалыптастыру.
1.3. Конкурстың негізгі міндеттері:
" білім беру жүйесінің біртұтас қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етіп, мектеп пен педагогикалық институттың іскерлік ынтымақтастығын нығайту, аймақтық кадр қажеттілігін, ал тұрғындардың білім алу қызметтерін қанағаттандыру;
" мектепте білім беру үрдісін ғылымиландыру, жоғары білім беру әлеуетіне кеңінен тарту, жоғары оқу орны мен мектептің сәйкес келетін іскерлік ынтымақтастығының ұйымдастыру формаларын дамыту;
" білім берудің педагогикалық үрдісін аймақтандыру, түрлендіру және даярлау негізінде бекіту және дамыту;
" педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін және білім деңгейін үнемі арттыруға ынталандыру үшін жағдай жасау;
" Шығыс Қазақстан облысының үздік мектептерінің педагогикалық тәжірибелерін насихаттау.
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептері қатыса алады.
2.2. Конкурс мына номинацияларға сәйкес өткізіледі:
1. ауыл мектебі;
2. шағын комплектілі мектеп;
3. жалпы білім беретін қала мектебі.
2.3. Конкурсқа қатысушы үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
2.3.1. конкурсқа қатысуға тапсырыста номинациясын, нақты мекенжайын, мектептің байланыс телефондарын, мектептің мұғалімдер құрамының санын, оқушылар құрамының санын, директордың фамилиясы, аты-жөнін көрсету;
2.3.2. мектеп туралы анықтама-ақпарат (конкурс өлшемдеріне сәйкес);
2.3.3. қосымша - мектеп жетістіктері туралы қосымша материалдар (қысқаша мәтіндік түсініктемелерімен фотосуреттер, диаграммалар, схемалар және т.б.).
2.4. Конкурс 2 кезеңнен тұрады: сырттай және бетпе-бет.
2.4.1. Бірінші кезең - сырттай (конкурсқа ұсынылған материалдарға пікір беру).
2.4.2. Сырттай кезеңнің нәтижесі бойынша ұйымдастыру комитеті бетпе-бет өткізілетін кезеңге қатысатын мектептерді анықтайды.
2.4.3. Екінші кезең - бетпе-бет (мектеп тұсаукесері) Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдық мерейтойын өткізетін күндері (20-23 қазан 2009 ж.).
2.4.4. Конкурсқа материалдар осы Ереженің 3 т. сәйкес 2009 жылдың 5 қазанына дейін Аймақтық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығына төмендегі мекенжайға ұсынылады: Е.Қашаған көшесі, 1, №3 ғимарат, тел.: 64-62-09.
3. Конкурс өлшемдері:
3.1. Мектептің 2008-2009 оқу жылындағы қызметінің бекітілген жоғары нәтижелерінің болуы және деңгейі.
3.2. Педагог кадрлардың сапалық және сандық құрамы:
1.2.1. СМПИ түлектері-мұғалімдерінің жоғары, бірінші, екінші категорияға ие болғандары;
2.2.2. СМПИ-дың Аймақтық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының курсынан өткен мұғалімдер саны;
3.2.3. мұғалімдердің СМПИ-да шыққан баспа басылымдары.
3.3. Оқушылар ұжымының сапалық және сандық құрамы:
3.3.1.СМПИ-дың пәндік олимпиадаларына қатысқан оқушылар саны;
3.3.2.СМПИ-дың ғылыми үйірмелеріне, спорттық секцияларына және т.б. мүше оқушылардың саны;
3.3.3. СМПИ-да өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар саны.
3.4. Институт түлектерінің сапалық және сандық құрамы:
3.4.1.мектептің 2007-2009 жылдардағы түлектерінің Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқып жүрген студенттерінің саны.
4. Конкурстың ұйымдастыру комитеті
4.1. Конкурсты дайындауға және өткізуге ұйымдастыру комитеті құрылады.
4.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
4.3. Ұйымдастыру комитеті:
" конкурсқа қатысуға материалдар қабылдайды;
" конкурсты өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5. Марапаттау
Конкурс жеңімпаздары:
ГРАН-ПРИ - компьютер класының иегері. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
|