
|
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ
Инновациялық педагогикалық білім орталығы институт ректоры, профессор М.Ғ.Ескендіровтің бастамасымен 2010 жылдың 15 қарашасында құрылды.
.jpg)
Орталықтың директоры – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Солтанбекова Орынбасар Тұяққызы
Мақсаты: педагогикалық білім беруге инновацияны енгізу мен оны іске асыру бойынша ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарды орындау, педагог мамандардың біліктілігін арттыру.
Негізгі міндеттері:
• Іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды қамтамасыз ету, үйлестіру, педагогикалық білім беру саласындағы барлық деңгейдегі мамандарды дайындау үшін ғылыми және білім беру базасын құру, ғылыми-зерттеу қызметінің қортындыларын жүзеге асыру.
• Педагогикалық білім беруде инновациялық көзқарасты есепке ала отырып қазіргі заман технологияларын жасау және енгізу.
• СМПИ-дың кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе инновациялық ғылыми-білімдік, ғылыми-зерттеу және халықаралық шараларды ұйымдастыру мен өткізу.
• Отандық және шетелдік ЖОО-мен, педагогикалық білім беру саласындағы ғылыми орталықтармен, сонымен қатар біліктілікті арттыру, қосымша білім беру мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасау.
• Педагогикалық білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік іс-шаралар: конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдарды келесі оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастыру және өткізу:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық-педагогикалық университетімен,
- Ы.Алтысарин атындағы ұлттық білім академиясымен,
- Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясы,
- Питтсбургтік мемлекеттік университетімен (Канзас штаты, АҚШ)
- Джионгсанг Ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея),
- Томск ұлттық университетімен (Ресей),
- Томск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей).
• Республикалық ЖОО-мен, Шығыс аймақтық білім беру мекемелерімен, қоғамдық білім беру ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру.
• Инновациялық білім беру саласындағы біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың бағдарламаларын жасау мен жүзеге асыру.
• ҒЗЖ мен инновациялық қызмет нәтижелерін СМПИ-дың білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу үрдісіне енгізу.
Мекенжайы: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1, бас ғимарат, 308 - кабинет, тел.: (8 72 22) 42-68-62, e-mail: orynbasar@sgpi.kz
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МОДЕЛІ
БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕЛІГІ
КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ
|