ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында қазақ тілін үйрету орталықтарын ашу қажеттілігін көрсеткен. Осы талапқа сәйкес алғашқылардың бірі болып, Семей мемлекеттік педагогикалық  институтында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» ашылды.
Мемлекеттік тілді оқыту орталығының мақсаты:
- қазақ тілінің әлеуметтік – қатысымдық қызметін Шығыс Қазақстан өңірінде кеңейту және дамыту;
- қазақ тілін ұлттық этникалық салт-дәстүр негізінде оқыту арқылы курс тыңдаушыларының лексикалық қорын, сөз шеберлігін байыту;
- мемлекеттік тілді меңгертуде өз ойын, пікірін жеткізуге және әңгімелесушінің  берген ақпаратын дұрыс түсінуге қалыптастыру;
- іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктерін әр салаға қатысты  сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Орталықтың негізгі міндеттері:
-    мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту;
-    қазақ тілін оқытудағы оқу-әдістемелік базасын қалыптастыру;
-    мемлекеттік тілді игерудің бағдарламаларын дайындау(жетілдіру);
-    қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған оқулықтар, оқу құралдарын, үлгілік бағдарламаларды әзірлеу және шығару;
-    тілді меңгертуге арналған маусымдық – тілдік лагерь жұмысын дамыту.
Орталық «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлерге (ересектерге, жеке тіл үйренуші тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқытудың стандартына» сәйкес  қазақ тілін оқытудың мына деңгейлерін ұсынады:
1.    Қарапайым деңгей;
2.    Жалғастырушы деңгей;
3.    Жоғары деңгей.
Мемлекеттік тілді  жеделдете оқытуда деңгейдің әрқайсысы іштей тағы екі деңгейге бөлінеді.
Тыңдаушылармен тест жүргізу нәтижелері бойынша олардың тілді меңгеру дәрежелеріне сәйкес жоғарыда көрсетілген оқыту деңгейі ұсынылады.
Әр деңгейдегі оқыту уақыты 72 сағаттан 120 сағатқа дейін беріледі. Оқыту ұзақтылығы тыңдаушылардың талаптарына байланысты ұйымдастырылады. Курсты  аяқтаған  соң сертификат беріледі.                      
Мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ тілінде жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайтын жаңа мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталған сыныптар, компьютерлік залдары бар.
  Әдістемелік ресурстық кабинет:
-    ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер;
-    энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, мәдени-әдеби шығармалар;
-    бейне-таспа жазбаларымен қамтамасыз етілген.
  Компьютерлік дәрісханада:
-    интерактивті тақта;
-    Қазақстанға танымал әдіскер-ғалымдардың электронды оқулықтары;
-    институттың оқытушылық-профессорлық құрамы әзірлеген тестік жұмыстары қондырылған.
Орталық ұжымы әдістемелік ресурстық кабинет пен   компьютерлік дәрісханадағы оқу-әдістемелік және мультимедиялық қордың толықтырылуына үнемі көңіл бөліп, тыңдаушыларды жеткілікті дәрежеде  қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Орталық Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы әзірлеген  мемлекеттік тілді меңгертуге арналған әртүрлі оқу-әдістемелік  құралдармен толықтырылып отырады. Орталық мамандары «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлерге (ересектерге, жеке тіл үйренуші тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқытудың стандартына» сәйкес дайындаған Мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың бағдарламаларын тыңдаушылардың қызмет салаларына сәйкес әзірлеп отырады.
Орталық оқытушылары алты деңгейлік оқытудың бағдарламасын және жалғастырушы деңгей тыңдаушыларына арналған оқу-құралын  дайындап, баспа арқылы шығарды.
Институттың оқу базасында «Қазақ тілі аумағы» жобасы негізінде оқу үрдісі ұйымдастырылған. «Қазақ тілі аумағындағы» қазақ тілін оқытудың ерекшелігі тыңдаушылар бір апта бойы оқу базасында тұрып, қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізіледі.
Орталық әзірлеген «Шапағат» жобасының ерекшелігі Семей қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың қазақ тілін үйренуіне ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы  кеңес беруге бағытталған.
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» жанынан «Шаңырақ» маусымдық лагері» ашылып, арнайы жұмыс бағдарламасы, оқу құралы   жасалды. Мемлекеттік тілді үйренуге арналған маусымдық лагердің мақсаты – қазақ тілін қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті, тарихы және әр түрлі тұрмыстық, әлеуметтік жағдаяттарға құрылған тақырыптар негізінде іс-әрекет үстінде меңгерту.
Орталық қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді облыс тұрғындары арасында барынша насихаттау. Осы мақсатта ғылыми-практикалық конференциялар, кеңестер, семинарлар, олимпиадалар ұйымдастырылады.
Мемлекеттік тілді үйрету-үйрену тәжірибелерімен алмасу бағдарында еліміздегі және шет елдердегі тілді оқыту орталықтарымен байланыс қалыптасқан.
Орталықта 1000-нан астам тыңдаушылар оқып, тиісті сертификаттар алды. Олар: ШҚО бойынша салық комитеті және статистика басқармасы, Семей қаласының әкімшілік аппараты, Семей аймақтық қаржы полициясы басқармасы, қаржылық бақылау, халықты әлеуметтік қорғау департаменті қызметкерлері және т.б.

Мекен-жайы: 071410. Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі,1., 215- каб.
Телефон: (8 7222) 42-05-81,  e-mail: ktoo@sgpi.kz


 Қазақ тілін үйренейік