«МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ» МА(Ed)
Рэдинг университетінің көшпелі магистратурасы
Сіз жоғарғы оқу орнын бітірдіңіз және білімнің келесі сатысы - ғылым магистрі дәрежесі туралы ойландыңыз ба?
Сіз ағылшын тілін меңгергенсіз және беделді британдық магистратура дипломын алғыңыз келе ме? Онда бұл сіз үшін:
Семей мемлекеттік педагогикалық институты Ұлыбританиядағы жетекші 20 университеттің бірі – Рэдинг университетінің «Мемлекеттің тұрақты дамуына арналған білім» (МА, Ed) көшпелі магистратурасы үшін Қазақстандағы базалық жоғары оқу орны ретінде таңдалған. Магистратура түлектері құндылығы жоғары – «Білім саласындағы халықаралық сарапшы» біліктілігін алады. Сіз білім саласындағы осы заманғы халықаралық стандарттарды білетін ерекше маман болып шығасыз, алған біліміңізді келешектегі білім жүйесін құру үшін, білім менеджменті және білім реформасының жаңа үлгілерін жасау үшін, қазіргі оқу бағдарламаларын ғаламдық сапаға көтеруге, білім саласындағы қазіргі ақпараттық және қатынастық технологияларды тиімді қолдануға, алғыр да пәрменді басшы мен сарапшы болу үшін пайдалануды игересіз, оқытушылардың кәсібилігін және оқу қорларын сыни бағалау мен талдау дағдыларын меңгересіз, білімдегі дер кезіндегі және жылдам өзгерістер мен толықтырулар арқылы дүние жүзінде және мемлекетте болып жатқан өзгерістерге тез икемделетін боласыз.
Халықаралық аккредитациясы бар әлемдегі таңдаулы университеттердің бірінің беделді дипломы сізге Қазақстанда ғана емес, одан тысқары жерлерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Диссертация қорғаумен аяқталатын оқу мерзімі – 3 жыл.
Осы уақыт аралығындағы оқу бағасы – 10 мың фунт стерлинг, оны бөлшектеп төлеуге болады.
Оқу тілі – ағылшын тілі, барлық оқытушылар – британдық профессорлар.
Оқу процесі Семей мемлекеттік педагогикалық институтына Рэдинг университеті тарапынан жылына бірнеше рет белгіленген кесте бойынша модуль түрінде жүргізілетін болады.
Болашақ студенттерді іріктеудің бірінші сатысы хабарланады. Ағылшын тілін 1ELTS жүесі бойнша – 6,5 балл, TOEFL IBT жүйесі бойынша – 88 балл деңгейінде білуі талап етіледі.
Анықтама телефоны: (87222) 34-10-76, 63-63-24. www.reading.ac.uk/education
www.sgpi.kz Өтініш үлгісі
2011 жылы 12 қазаннан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Рэдинг Университетінің көшпелі магистратурасы өз жұмысын бастады. Рэдинг Университеті Ұлыбританиядағы 20 беделді университеттердің бірі болып табылады.
Магистратура атауы: «Білім беру – мемлекеттің тұрақты дамуы жолында» (Білім Магистрі -MA Ed).
Оқытушылар – Рэдинг Университетінің профессорлары. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Магистранттар тілдік деңгейлерінің жоғары екендігін халықаралық тест түрлері TEEP және IELTS арқылы дәлелдеді. Оқу мерзімі- екі жыл. Оқу соңында магистранттар диссертация қорғайды және білім беру Магистрі дәрежесін алып шығады.Халықаралық аккредитациядан үздік өткен беделді Британ университетінің дипломы оның иегеріне әлемдегі мемлекеттердің кез келген жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі халықаралық эксперт дәрежесі бітіруші магистрантқа әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие маман екенін дәлелдейді.
Білім берудегі жаңашыл технологиялар және электронды оқыту формалары – e-learning – оқу процессі енгізілген. Магистранттар Рэдинг университетінің электрондық кітапханасын қолдана алады. Әр магистрант өзінің жеке код сайтына жіберілген тапсырмаларды орындайды және онлайн тьюторлармен байланыста болады, әрі видео-конференциялар мен пікірталас түрлеріне қатысады. Аталған жобаның бірінші модулі өз жұмысын жалғастыруда. Модуль кезінде студенттер электрондық оқуға қажетті білім дағдыларын қалыптастыруда. Екі жыл аясында студент Ұлыбританиялық жұптасымен бірігіп ортақ ғылыми жобаны жүзеге асырады. Берілген жоба педагогикалық білім беру саласында мамандар даярлау мақсатындағы жаңашыл халықаралық жоба болып есептеледі, ескере кетерлік жайт, Қазақстан мемлекеті осындай мамандарға зәру. Екі жылдан кейін бірінші түлектер алған білім және дағдыларын орта және жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде жаңаша реформалар енгізу арқылы іс-жүзіне асырады.
Аталған халықаралық білім берудің жаңашыл жобасы педагогика саласында мамандар даярлауға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесіндегі бірізді реформалардың нәтижесі болып есептеледі.