|
ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Ибраева Людмила Сабитовна – химия ғылымдар кандидаты, жаратылыстық ғылымдар факультетінің деканы.
Жаратылыстық ғылымдар факультеті - әр түрлі саланың болашағы пен талаптылардың ұясы, кәсіптік білімділік пен шеберлікті шыңдайтын терең білім алуға кепілдік береді.
Факультет құрамына 3 кафедра кіреді: «Экология-химия және география пәндерінің кафедрасы»; «Жалпы биология кафедрасы», «Спорт және дене шынықтыру әдістемесі мен теория кафедрасы».
Осы мамандықтар бойынша 624 студент білім алады. Факультетте 59 оқытушы бар, соның ішінде 2-і ғылым докторы және 21-і ғылым кандидаты.
Кафедралар:
Экология-химия және география пәндері кафедрасы
Бакалавриат мамандықтары:
5В011600 – «География»
5В060800 – «Экология»
5В011200 – «Химия»
Жалпы биология кафедрасы
Бакалавриат мамандықтары:
5В011300 – «Биология»
Спорт және дене шынықтыру әдістемесі мен теория кафедрасы
Бакалавриат мамандықтары:
5В010400 – «Бастапқы әскери даярлық»
5В010800 – «Дене шынықтыру»
Оқыту мерзімдері
Күндізгі бөлім – 4 жыл
Сырттай бөлім – 5 жыл, 2 жыл.
Оқыту тілдері: қазақша, орысша.
Оқу орнын бітірген студент бакалавр дәрежесін алып шығады.
Института 5В011200 – «Химия» және 5В011300 – «Биология» мамандықтары бойынша мұғалімдерді дайындауда көп тілде білім беру қамтылуда (ағылшын тілінде пәндерді оқыту).
Факультет мамандықтары бойынша шектес пәндер бойынша мамандықтар қарастырылған (биология, экология, физика және т.б.).
|