
|
«Парасат» дебат клубы
Алпауыт білім ордамыз, тұғырлы тірегіміз − Семей мемлекеттік педагогикалық институтының сан жылдық тарихында талай тарихи оқиғалар мен игі іс-шаралар орын алған. Солардың бірі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен енгізілген пікір-сайыс ойындары.
Дебат – белгілі бір тақырып төңірегінде жаңа креативті ойлар іздеу мақсатында құрылған интеллектуалды пікір-сайыс. Ол ежелден қалыптасқан, атақты Мартин Лютер Кинг, Уинстон Черчиль, Рузвельт, Линкольн, Дуглас сынды азаматтар негізін қалаған.
Мақсаты:
Жан-жақты дамыған, өзіндік қалыптасқан ойы бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дебат ойындарының пайдасы:
- Білім деңгейінің өсуі;
- Жан-жақтылық;
- Ораторлық қасиет, сөз шеберлігі;
- Командамен жұмыс істеу;
- Өз сөзіне сендіре білу;
- Логикалық ойлау деңгейінің өсуі;
- Эмоцияларды өз билігінде ұстау;
- Өмірлік дағдылардың қалыптасуы;
- Жаңа достардың пайда болуы;
«Парасат» дебат клубы 2003 жылы құрылған. Биыл, 7 жылдық мерейтойын атап өтпек. Клуб қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде танымал. Ойыншылары талай бәйгелерде жүлделі орындардан көрініп, жеңістің туын желбіреткен.
Атаулы клуб жыл бойы жұмыс жасайды, кезекті жиналыстарда пікір-сайыстырудың қалыптасқан форматтарымен таныстырып, турнирлерге дайындық жүргізіліп жатады.
Пікір-сайыс турнирлерінің ең алғашқысы болып, дәстүрлі «Жас пікір-сайысшылар» турнирі өткізіледі. Бұл турнирге дебат ойынына жаңадан қадам басқан фракциялар қатысады. Сонымен қатар, күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы маусымдық сайыстар ұйымдастырылады. Қаламыздағы әр клуб өз кубогіне бәйге жариялайды. Бұған қоса әр түрлі қоғамдық бірлестіктер де дебатты қолдап, ойындарын өткізеді. Қазақстан Республикасының атақты оқу орындары республикалық дәрежеде, элиталы сайыстар ұйымдастыруда. «Парасат» дебат клубы осылардың ешбіреуінен тысқары қалмай, әрқашан жүлдемен оралған.
Біздің мақтаныштарымыз: Саятұлы Мейіржан, Көбікбаев Біржан, Есенбаева Тоғжан, Ахметова Гүлжан, Мустафина Әсем, Ақанова Сандуғаш, Елеусізова Аяулы, Оралбаев Жалғас, Сембаев Талғат, Қабдуалиева Ақмарал, Қабдығалиқызы Әдемі, Амирханова Мөлдір, Абдрахманов Азамат, Нұрғазина Гүлфат.
|