ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"


















Дайындық бөлімі


Дайындық бөлімі (одан әрі Бөлім) Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құралымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі мақсаты - ҚР орта, кәсіби орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, шетелдік қазақ диаспорасына, оралмандар мен репатрианттарға бірыңғай мемлекеттік жоғары оқу орынына дейінгі дайындау саясатын өткізу.
Дайындық бөлімі жалпы орта білім, орта кәсіби білім ұйымдарының бітірушілері арасында, бұрын бітіргендер, қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен репатрианттар арасында   бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, институтқа қабылдану ережелері, институтта оқыту туралы ақпаратпен қамтамасыздандырады.
Орта, орта кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары мен бітірушілерін, жоғары білімдері жоқ Монғолиядағы, Қытай Халық Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдерін, оралмандар мен репатрианттарды ҚР жоғары оқу орындарына түсу үшін өткізілетін кешенді тестілеуге дайындық ұйымдастырылады, СМПИ түсуге тиісті жағдайлар жасайды.
Бөлімге тыңдаушылар тегін және ақылы түрде қабылданады. Дайындық бөліміне қабылдау ҚР БжҒМ бұйрығымен немесе ҚР БжҒМ рұқсатымен сәйкес шығарылатын ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады. Бөлімге тыңдаушыларды қабылдау ҚР БжҒМ бекіткен квотаға сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау квотасы жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Мекен-жайы: Қашаған көшесі, 1, тел.: (87222) 523402

Жұмыс бағдарламалары