
|
.jpg)
Академик М.Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтiк-саяси зерттеулер ғылыми орталығы
«ТАРИХ - ХАЛЫҚТЫҢ САНАСЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕКТІҢ НЕГІЗІ»
Академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтiк-саяси зерттеулер ғылыми орталығы Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының ғылыми - ақпараттық және аналитикалық бөлiмшелерiнің бiрі болып табылады.
2004 жылдың 5 сәуiрiнде институттың Ғылыми Кеңесi шешiмiмен тарихи зерттеулер Ғылыми орталығына академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
Орталықтың жұмысын тарих ғылымдардың кандидаты, доцент М.К.Кәрiмов басқарады.
Мақсаты : Ерте заманнан бүгінгі уақытқа дейінгі туған өлкеміздің тарихи өткенін жан-жақты зерттеу.
Міндеттері :
• Қазақстан мен Ресей халықтарының, шекарамен шектес Қытай және Моңғол өлкелерiнiң өзара саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының тарихын зерттеу;
Қазақстанның өткен бай мұрасын, Семей Ертіс өңірін Қазақстанның тарихи-мәдени орталығы ретінде зерттеу;
• тарихи білім беруде алдыңғы қатарлы озық әдістер мен технологияларды жинақтау,сынақтанөткізу, тарихи зерттеулердiң нәтижелерiн ғылыми айналымға,оқу үдерісіне және жоғары білікті кәсіби мамандарды дайындауға енгізу;
Семей мемлекеттік педагогикалық институты тарихшы-ғалымдарының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, академик Әлкей Марғұлан атындағы археология институты және РҒА Сібір бөлімінің тарих институтының тарихшы-ғалымдарымен,сондай-ақ мұражайлармен, архив мекемелерімен ғылыми-зерттеу байланыстарын қарқынды түрде ұйымдастыру.
Тарихи және әлеуметтiк-саяси зерттеулер ғылыми орталығы бес бағыт бойынша жұмыс жасайды:
• Ресей-Қазақстан қатынастарының даму тарихы;
• аймақтық тарихтың мәселелерiн зерттеу (Шығыс Қазақстанның тарихы);
• Қазақстанмен шекаралас Ресей, Қытай,Моңғол өлкелерінің саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының дамуы,тарихы;
•тарихи - бiлiм әдiстемелері мен технологиясының дамуы;
• қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк-саяси үрдістерді зерттеу және талдау.
Ғылыми конференциялар:
• Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Шәкәрiм шығармашылығы қазақ және әлемдік мәдениеттер контексінде», Семей, 2008, 12 қыркүйек;.jpg)
• Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Алаш қозғалысы идеяларының Еуразия кеңiстiгiндегi ықпалы: тарих және қазiргi заман, Семей, 2008, 4 қараша;
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция:«Қазақ диаспорасы:өткенi,бүгіні,болашағы, Моңғолия , Баян-Олгей қаласы, 2009, 26 қаңтар;
• Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Еліміздің әлеуметтiк-саяси және мәдени дамуын зерттеуде архив құжаттарының рөлі», Семей, 2010 жыл, 2 сәуір;
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция « Қазақстан және қазiргi әлем: тарих және қоғамдық-саяси дамудың көкейкестi мәселелерi (Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 20 жыл толуына орай) Семей, 2010 жыл, 21-23 сәуiр.
Ғылыми орталықта этномәдени саладағы зерттеулерге ерекше мән берiледi. Ғалымдар және студенттердiң күшiмен Ертiс маңы, Алтай және Тарбағатай жерлерінің өткені, қазақ халқының мәдени мұраларын жинауға қатысты кең көлемдегі археологиялық, және этнографиялық зерттеулер іске асырылуда.Ғылым мен білім арасындағы байланыс студенттердің әлеуметтік үрдістерге саналы түрде қатысып,азамат және әр ұрпақтың тарихи тәжірибесін жинаған мирасқоры ретінде өз мүмкіндіктерін дамытуға тәрбиелейді.
Ғылыми орталық жетістігі Қазақстан Республикасы түрлі мектеп, бағыттағы, алыс және жақын шетел елдері өкілдерінің теориялық, эмприкалық зерттеулерi жарияланатын «Еуразия орталығы» меншікті халықаралық ғылыми журналы.
Орталықтың ғылыми өнiмi:
• Ескендiров М.Ғ.– «Қазақстанның Шығысы жүз жылдықтар тоғысында (ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХғасырдың басы)» және «Восточный Казахстан в годы силовой модернизации(20-30 гг.)
Сыдықов Е.Б. «Российско-казахстанское отношение на этапе становления тоталитарной суперэтнической державы», «Тәуелсіздік танымы»,кітапта «Жоғарғы мектеп:қазіргі көзқарас және реформалаудың қырлары»;
Познанский В.С.,Малышева М.П. «Казахи беженцы от голода в Западной Сибири (1931-1934 гг.)», «Национально-территориальное размежевание Сибири Казахстана (1919-1922 гг.)
• Артыкбаев Ж.О. «Эрчисын-сумэ - храм на Иртыше (Загадочные истории ХVIIIв.)»; Исин А.И «Әділ сұлтан».
Мекен-жайы: 071410. Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі,1., 217- каб.
Телефон: (8 7222) 42-05-81
|