СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ
ҚАЗ
РУС
ENG
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















    Семей мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдан 2014 жылға  дейінгі аралықта іске асатын «Педагогика бойынша оқу бағдарламаларын  модернизациялау және дамыту мен Орта Азия елдерінде білім беруді басқару» атты №517504 Еуроодақтыңқ ТЕМПУС жобасына қатысушы болды.  Жоба мақсаты қазіргі  педагогикалық білім беруді модернизациялау  және PhD докторантурасы мен магистратура денгейлері үшін білім беруді басқару бойынша жаңа оқу бағдарламаларын еңгізу болып табылады. Бұл инновациялық білім беру жобасы көлемінде СМПИ және Орта Азия мен Еуропа университеттері  педагогика бойынша оқу бағдарламаларын  модернизациялайды, дамытады және ұлттық ерекшелікке сәйкес келгендей үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін Еуропалық Трансферт жүйесіне  және Кредиттер  қорлануына (ECTS) сүйене отырып «Білім беруді басқару» бойынша жаңа оқу бағдарламаларын жасайды. Педагогикалық білім берудің айтарлықтай модернизациясы және ғылыми, академиялық және басқару траекторияларын құрайтын  мансаптық  траекторияларды қалыптастырудағы кең мүмкіндіктермен педагогтарды дайындаудың жаңа көпденгейлі жүйесін құру жоба нәтижесі болып табылады.
  2011 жылдың 12-13 желтоқсанында Бельгия астанасы Брюссель қаласында Қазақстанның жоғары оқу орындарының делегациялары да қатысқан Еуропалық Одақ жобаларының халықаралық Темпус форумы өтті. Делегация құрамында СМПИ-ның өкілі ретінде білім беру бағдарламаларын интернационализациялау орталығының директоры Тулебаева Найля Муқановна болды. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасындағы Темпус офисінің жетекшісі Тасболатова Шайзада Умурзаковна басқарды.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық Темпус офисінің жетекшісі Тасболатова Ш.У. және     Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Білім беру бағдарламаларының  интернационализациялау орталығының директоры – Тулебаева Н.М. – Брюссель (Бельгия) қаласындағы форумда.