ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Қазақстан Студенттер Альянсы – республикаға танымал ұйым. Ол баршамызға мәлім. Ең алғаш рет 2005 жылдың 14 сәуірінде Тараз қаласында өткен Республикалық студенттер слетінде құрылды. ҚСА еліміздің 21 қаласының 107 жоғарғы оқу орнының 50 мыңнан астам студенттерді біріктіретін Ұлттық студенттік қозғалыс. Бүгінде ҚСА-ның деңгейі өте жоғары. Институтымызда ҚСА-ны құрған «Қазақ филология» факультетінің түлегі – Мадина Игембаева еді.
    Қазан айының 24-ші жұлдызында СМПИ «Қазақстан студенттер Альянсының» ұйымдастыруымен «Студенттердің белсенділігін арттыратын іс-шараларды ұйымдастыру негіздері» атты семинар-тренинг өтті. Бұл семинар СМПИ базасында өткізілді және бұған 30 жаңа буын аскерлері қатысты. Осы семинардың өтілуіне арқау болған және семинарды жүргізген тренерлер, институтымыздың студенттер Альянсының экс-көшбасшысы – Зейнелова Махаббат пен қарт аскеріміз – Тасболатова Айнагүл болатын.
    Жалпы, семинар-тренингтің мақсаты – бұл жас толқын аскерлерін белсенділікке баулу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың жауапкершілігін шыңдау, қоғамдық жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру және іс-қағаздарымен жұмыс жасауға үйрету болып табылады.
    Таңертеңнен кешке дейінгі уақытты қамтыған семинар-тренинг өте нәтижелі, жоғары деңгейде өткізілді деуге негіз бар. Жас аскерлерге қоғамдық жұмыстар бойынша жан-жақты түсініктемелер берілді. Аскерлер белсенді түрде қатысып, өз ойларын толық жеткізе білді. Семинар барысында логикалық тапсырмалар мен сергіту ойындары жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
    Семинар-тренингтің өтілуіне негіз болып демеушілік көрсеткен институтымыздың тәрбие бөліміне алғысымызды айтамыз.