A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined variable: place

Filename: controllers/news.php

Line Number: 60

Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтының Порталы
ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"



















Сіздердің назарларыңызға!


    Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Ұлыбританияның үздік 20 университеттердің қатарына кіретін Рэдинг университетінің магистратурасы ашылды – «Мемлекеттің тұрақты дамуына арналған білім» МА/ Ed “Developing education for sustainable global futures”.
   Магистратура түлектері құндылығы жоғары «Білім жүйесінің эксперті» квалификациясын алады және білім жүйесіндегі қазіргі замаңға, халықаралық стандарттарға сай білімі жоғары маман болады, алған білімдерін ертеңгі күннің білім жүйесін құруға, білім менеджментінің және білім реформаларының жаңа моделдерін құруға, жоғары сапалы қазіргі заманғы оқу бағдарламаларын құруға, білімде қазіргі заманғы информационды және коммуникативті технологияларды қолдануға жұмсай алады, мұғалімдер және оқу ресурстарының сапасын бағалауды үйренеді, мемелекеттегі және әлемдегі білім жүйесіндегі уақытылы өзгерістерге өз ойын білдіре алады.
  Осындай мамандарды дайындау еліміздің президентінің «Интеллектуалды ұлт 2020» жобасының маңызды мәселелерін шешуге көмектеседі.Жобанаң негізгі бағыттарына білім жүйесінің иновациондық дамуы, болашақ мамандардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту және т.б жатады.
Британдық магистратураның бағдарламасы Болондық декларация принциптеріне сәйкес келеді.Болондық декларация принциптеріне келесі бағыттар жатады: Еуропа жоғары білімінің ортақ кеңістігін құру, оқу үрдісінің сынақ бірліктерінің ортақ жүйесін енгізу.
   Магистратура бағдарламасы жайлы мәліметті Рэдинг Университетінің сайтынан біле аласыздар www.reading.ac.uk/education.  
Оқу үрдісі Рэдинг Университетінен Семей мемелекеттік педагогикалық институтына график бойынша жылына 2 рет жеткізілетін модуль түрінде жүргізіледі.
Бағдарлама жүргізушісі - профессор Тревор Дэвис, Рэдинг Университетінің Білім жүйесіндегі халықаралық Зерттеу орталығының директоры. Оқу үрдісін Рэдинг Университетінің білім жүйесі институтының профессорлары жүргізеді.
    Рэдинг Универститетінің беделді дипломы оның иегерлерін тек Қазақстан аумағында емес сонымен қатар шет елдерде де қажетті , сапалы маман иегерлері бола алады. Алынған квалификация бойынша білімін Рэдинг Университетінің «Білім жүйесінің Докторы» бағдарламасымен одан әрі жалғастыруға болады.
    Рэдинг Университетінің Қазақстан Республикасындағы бірінші магистранттар топына қабылдау жүргізулуде, оқу 2011 жылы сәуір айында басталады.

   Ақпараттарды мына телефондар бойынша беріледі: (8-722-2) 63-63-24,  34-10-76    - СМПИ-дің білім бағдарламаларының халықаралықтандыру орталығы; орталық және МА/ Ed Рэдинг Университетінің   бағдарламасының директоры Тулебаева Найля Мухановна.
e-mail: naila53@gmail.com       lang@sgpi.kz   Skype: naila_tulebayeva    
cel: +7 701 155 0790,  +7 705 500 0405