Астанаға саяхат.
Таяуда Елордамыздың 10 жылдық мерейтойына арналған "Астана - үшінші мыңжылдық" атты акция аяқталған болатын. Осыған орай, Самей мемлекеттік педагогикалық институтының бір топ белсенді студенттері Астанаға саяхатқа барып келді.
Бұған аталмыш оқу орнының ұжымы мен ректораты тікелей көңіл бөлді. Сонымен бірге Жастар ісі жөніңдегі комитеттің де бұл сапарға қосқан үлесі зор. Сарыарқа төсінде бой көтерген әсем қала Астана бізді сан түрлі кереметтірмен баурап алды. Біріне-бір ұксамайтын зәулім ғимараттар көше сәулетін одан сайын сән қоса түсіпті. Астананың барлық әдемі жерлерін араладық. Студенттер қуанышында шек жоқ, алған әсерлерін әлі айтып тауыса алар емес. Осындай саяхатты ойдағыдай ұйымдастырған институт басшылығына, ұстаздар қауымына алғыстан өзге айтарымыз жоқ.
Сүйікті қаламыз - Семейге қайтып оралған соң, "Астанадаң алған әсер" атты дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Әр студент алған әсерлерін, түйген ойларын ортаға салды.
Мерей Қартов, 2 курс студенті
