ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"


















28.08.2010 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Рэдинг Университетінің магистратурасын ресми ашылуы өтті

Семей мемлекеттік педагогикалық институты өзінің халықаралық келісімшарттары мен шетелдің жетекші университеттерімен бірлескен білім беру жорбалары арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне жедел еніп келеді.
Британияның үздік 20 университетінің бірі – Рэдинг Университетімен 2008 жылдың қыркүйегінде қол қойылған Меморандум нәтижесінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Мемлекеттің тұрақты дамуына арналған білім» (Білім берудегі МА дәрежесі) британдық көшпелі магистратура ашылуы туралы келісімге қол жеткізілді.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Рэдинг Университетінің магистратурасын ресми ашу үшін:
•    Профессор Марта-Мари Клайнханс, Рэдинг Университеті Білім Институтының оқу үдерісі директоры;
•    Профессор Тревор Дэвис, Рэдинг Университеті Білім Институты магистратурасының ғылыми жетекшісі, «Білім берудегі зерттеу және  кадр даярлау бойынша халықаралық орталығының» директоры келді.
Британ магистратурасының қазақстандық түлектері «Білім берудегі халықаралық сарапшы» деген аса құнды біліктілік алып,  білім берудің қазіргі халықаралық стандарттарын білетін, білім беру менеджменті мен білім беру реформаларының жаңа модельдерін жасауға қабілетті, жаһандық сападағы заманауи оқу бағдарламаларын жасай алатын, мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерді сергек сезіне отырып, білім беруге де заманауи талапқа сай өзгерістер мен толықтырулар енгізе білетін ерекше маман болып шығады.
Семей пединститутындағы британ магистратурасының мақсат-міндеттерінің қатарында Қазақстанның жаңа үлгідегі білім беру жүйесі үшін мынадай ұшқыр ойлы басқарушы кадрлар даярлау бар:
•    білім берудің креативтілігі мен инновациялылығының дамуына ықпал ете алатын;
•    Білім беруді зерттеуде салғастырмалы бағытты дамытуға қабілетті;
•    АКТ (Ақпараттық коммуникациялық технологиялар) креативті әлеуетін білім беру реформаларын тарату үшін пайдалана алатын;
•    Оқытушылардың кәсіпқойлық деңгейін сындарлы бағалап, жетілдіре алатын.