ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















16.02.2012 жыл.                            Елбасы  Жолдауын айтыскерлер  жырға қосты...
  Қазақстан Республикасының Прези¬денті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. На¬зар¬баевтың Қазақстан халқына Жолдауы осыған дейінгі жолдаулардан өзгерек. Әрине, осыған дейінгі жолдаулардың да нәтижесі ертеңге деген сенімділікті ны¬ғай¬тып, елдің алға басуына тың серпін бергені шындық. Елбасының биылғы Жолдауы «Әлеуметтік-эконо¬микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Бұл құжатта Президент экономика дамуының он страте¬гия¬лық басым бағыттарын белгілеп берді.
   Аталған құжатты жастар арасында кеңінен талқылау, ақпараттық насихаттық жұмыстарын жүргізу мақсатында институтымыздың студенттік жатақханасында «Елбасы Жолдауы – ел тірегі» атты жас ақындар арасында айтыс ұйымдастырылды. Айтысқа институтымыздың дайындық бөлімінің тыңдаушылары және студенттер қатысты. Қолжетімді баспана, педагог кадрлардың мәртебесін көтеру туралы мәселелер айтыскерлер жырына арқау болды.
  Жолдаудың негізгі идеясы – қоғамдағы бірлік пен тыныштықты сақтау және соның негізінде әрбір қазақстандықтың өмірінің сапалы, мәнді болуына ықпал ету. Осы мағынада атқарылатын әрбір шығар¬машылық әрекет қолдау керек. Өнер адамы да, ғалым да, іскер азамат та ел бірлігі үшін не атқарса да биік деңгейде насихатталғаны жөн. Сонда Елбасымыз көтерген жасампаз идеяның қоғамда қолдау тапқа¬ны¬ның куәсі боламыз. «Жұмылып көтер¬ген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз.

Әсем Жақаева
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
тәрбие бөлімінің қызметкері


2011 жылдың қараша айының 10-шы жұлдызында  Семей қаласында «Пікір-сайысшылардың республикалық ассоцияциясы» Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  III республикалық  жас пікір сайысшыларға арналған дебат турнирі өтті. Осы турнирге Республиканың жоғарғы оқу орнының пікір-сайысшылары қатысты. Аталған Республикалық сайыста  Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің  Т-211 топ студенті  Сакаева Дана Дюсембаевна үздік спикер атанғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

 

 


 

Қимыл - өмір қоймасы

 

     02.11.2011жыл.  Республикамыздың  тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Семей мемлекеттік педагогикалық институты «Нур Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ-ның құрылуының 2 жылына арналған «Біз еңселі 2 жастамыз» апталығының аясында № 3 оқу ғимаратының  Спорт залында қараша айының 2-күні «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» атты эстафеталық спорттық ойын өткізді.    Ойынға әр факултеттен 2 ер бала және 2 қыз баладан қытысты. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Дені сау адам – жалпы ұлттық міндет» стратегиялық жоспарын жузеге асыруға Жас Отандықтар тарапынан қосқан үлесі деп танылды. Спорттық ойын бірнеше мынадай қызықты кезеңдерден тұрды. Алдымен топтар өздерін таныстырып, кейін «Ту табыстау», «Кім жылдам», «Мергендер», «Баскетболл добы», «Кенгуру», «Есеп щығару» сияқты денені де, логиканы да шынықтыратын өте ұтымды ойындарды ойнау арқылы сайысқа түсті. Барлық ойыншылардың қызығушылықтары сондай жоғары болды. Себебі, барлық қатысушылар мен көрермендер бір адамдай шартқа сәйкес спорттық киімде келген. Осындай қызу эстафеталық ойындар жанкүйерлердің өз топтары үшін ұрандаған дауыстарын үдетіп, спорт залда нағыз олимпиадалық ойындардағыдай көңіл-күй орнатты, әрі факультет студеттері арасындағы достықты да нығайта түсті.Десек те сайыстың аты сайыс,ойын аяғында шығарылған қорытынды бойынша, 1-орын Тарих-филолгия факультетіне, 2-орын физика-математика факультетіне бұйырса, 3-орынды қазақ-филология факультеті ұтып алды. Қалған факультет топтары орын алмаса да, ризашылықпен бір-бірімен  төс қағысты.Денімізді сауықтыру мақсатында ұйымдастырылар тағы да көптеген спорттық қызықты ойындарды Жас Отандықтар алдағы уақытта түр-түрін өткізері анық.

 

 

«Жас Отан» жастар қанатының 
                               PR менеджері:
Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы

 


Мен қазақтың дархан ұлымын, дана қызымын
 

   01.11.2011жыл.  Семей мемлекеттік педагогикалық  институты «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» Жастар қанатының 2 жасқа толу мерейтойына орай № 1 оқу ғимаратының мәжіліс залында «Мен қазақтың дархан ұлымын, дана қызымын» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.
  Оқу орнымыздың Жас Отандық патриот студенттері нағыз жұртының жанашыры ретінде жастар бойындағы елжандылық рухты жаңғырту мақсатында көкейкесті тақырыпта институт студенттерімен қатар,басқа да жоғарғы оқу орнындарынан және қалалық «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» Жастар қанатынан келген қонақтармен ой өрбітті. Дөңгелек үстел барысында 2 оқушы баяндама дайындап, жеке пікірлерін ортаға салды. Бірі тарих –филология факультетінің 1-курс студенті Жүнісбекова Айжан «Қазақ жастарының бойындағы қазақилық пен ХХІ ғасыр заманының тәрбиесі» деген тақырыпты таңдаса, тарих-филолгия факультетінің  2-курс студенті Қалиасқарова Ельназ  «Мен қазақтың дархан ұлымын, дана қызымын ұғымы қазіргі жастар санасында» атты өзекті мәселені көтерді.Бүгінгі таңда қазақилық пен тәрбие өз дәрежесінде ме, әлде керісінше көңілге мұң ұялататындай дәрежеде ме, міне, осындай негізгі проблемалар қарастырылды.
   Әрине, бұрынғы күлкісі сыңғырлаған қыздарымыз бен ерінің басын тек өрге тартар келіндерімізді, мойнында қыл арқан шірімес ер азаматтарымыздың заманы қайтып келмесі анық. Десек те, Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында, салт-дәстүрімізді, санамызды, тіліміз бен ғұрпымызды қайта жаңғыртуға мүмкіндік туып отыр. Ол үшін алдымен жастар санасында  адами-эстетикалық  құндылықтарды қалыптастыру қажет.
  Жастық шақ адамға даналықты меңгеру үшін беріледі, осыны ескермей алтын уақытын ғаламтор мен ойын-са
уыққа кетіретін жастарымызды көргенде, амалсыздан күрсініп, әр саналы адам терең ойға шоматыны рас. Біреулер қатарынан қалған кәрі жетім деген де пікір айтуы мүмкін, әрине ғылым мен білімнің шарықтаған заманында адамзатпен бірге алдыға жылжып қатардан қалмауымыз керек, бірақ «Мен қазақ тілін білмесем де,елімнің патриотымын»-деу ол, халық арасында еріншектер мен безбүйрек жандардың шығарған жалған, әрі орынсыз ұраны. Дана, парасатты қазақ жұрты «әрбір халық өз тілінде ғана бақытты» деп  айтып өткен болатын. Олай болса, білімді, талабы зор жастарымыз өзге тілдің қай қайсысын меңгерсе де, барар шет мемлекеттеріне өз ана тілін, салтын, тарихын насихаттай жүрсе, ол қазақ халқы үшін үлкен жетістік, мәртебе болар еді.
   Ал қазақтың дархан ұлы,дана қызы деген атқа қазіргі жастарымыз лайық па деген сұраққа мен мынадай пікірімді білдіргім келеді.Менің санамдағы дана қыздың бейнесін мына өлең жолдары дәлелдей түсетін тәрізді:
Қыз емес қыздың аты қызыл алшын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
  Дархан ұлдың бейнесін, нақтырақ айтсақ «идеалын» би-шешендеріміз: «Арыстанның белгісі - артына қарап ақырмайды, нар түйенің белгісі - қабырғасын сөксе де бақырмайды, нағыз туған асыл ер, қанша қасірет шексе де, қайғыланып «аһ» ұрмайды.» -деп, ел қорғаны ерлерімізді осылай сипаттаған екен.
   Иә, қазір мен халқымның дана қызымын немесе дархан ұлымын деп өз-өзіне жоғары баға бере алатын жастарымыз жоқтың қасы. Егерде,тілі шұбар, тарихына немқұрайлы қарайтын  жас толқын осындай қарқынмен көбейе беретін  болса, ондай ұлтжанды жандардың көбеймейтіні анық.Сондықтан, ұлт болашағы жастардың қолында екенін, тіл–ұлттың сүйенетін тамыры,
сыйынатын тәңірі екенін ұмытпайық.

«Жас Отан» жастар қанатының 
                               PR менеджері:
Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы

 

 
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі

  
25.10.2011жыл. Қазан айының 23-күні сүйікті қаламызда Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, салауатты өмір салтын насихаттай отыра, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінде  футбол ойынынан сайыс өтті.Жарысқа қаламыздың ең белсенді ұйымдары қатысты. Олар: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің  «Нур Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттер Альянсы, Семей мемлекеттік медициналық университеті, Семей КТК филиалы, Конгресс,Семей гуманитарлық-инновациялық заң университеті, М.О.Әуезов атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық колледжі, Семей мемлекеттік Бизнес колледжінің студенттері және әрине, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қазақ  ер жігіттерінің қаншалықты мықты, төзімді, қайтпас қайсар екендігін дәлелдей алды. Себебі, айып алаңындағы  жас жанкүйерлердің ұрандарының өзі, ойынның қызу тартыста өткенін байқатады. Әсіресе, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қатысушылары ғана емес, жанкүйерлерінің үлкен дайындықпен келгендері айқын байқалды.
   Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілгенін айтпай кетпеске болмас. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап  етіп қойды.
  Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.Міне, осындай қағидаларды ұстана отыра өткізілген бұл шара, қала студенттерінің бір демалыс күнінде болсын, лайықты демалуға өз себін тигізді.Студенттер мұндай кездесулерден кейін міндетті түрде оның қайталануын тосатыны айтпаса да, белгілі.Әсіресе, еліміздің атын шығаратын ерлеріміз қазіргі таңда күнделікті мұндай сайыстар ұйымдастыра бермейтіні бәрімізге мәлім.Соңдықтан да, «ері жоқ елдің күні қараң» - демекші, ер азаматтарымыз үшін спорт ойындары жиі ұйымдастырылып отырса, әрине нұр үстіне нұр болар еді.
  Міне, осылай студенттер қаласы Семейде, тағы бір игі іс жүргізіліп, жастарымызды салауатты өмір салтына шақыру өте сәтті әрі, ұтымды жолмен жүзеге асырылды.Мен өз елімнің салауатты болашағының нағыз жанашыры ретінде өз ойымды мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Ей замандас,алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
 
«Жас Отан» жастар қанатының 
                               PR менеджері:
Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы


 
Миро-лингвистикалық программалау

 
24.10.2011жыл. Қазіргі таңда әлемді өзінің ауқымымен, әрі күнделікті, тіпті сағат сайын аса үлкен қарқынмен белең алып келе жатқан ғаламдық проблемаға айналған – суицид ауруы, кімде болмасын үрей сезімін тудырады. Осы мәселе Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының студенттерін де бей-жай қалдырмады.Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында 21-қазан күні 103-дәрісханада  Семей мемлекеттік медициналық университетінің 6-курс студенті, субординатор-терапевт Ернұрова Айнұр Ернұрқызы «Миро-лингвистикалық программалау» атты психологиялық тренингін өткізді
  Тренинг барысында әр студент өзінің жұбын таңдап, бірнеше минут онымен сұхбаттаса отыра, өзінің жұбы жайлы барлық керекті мәліметтермен алмасады, яғни туған өлкесінен, жеке бас қасиеттеріне дейін қысқа уақыт ішінде меңгеруі тиіс болды.  Дайын болған жұп ортаға шығып, кезек-кезек бір –бірін жиналған аудиторияға таныстырып отырды, осылайша барлық студенттер, достарының нені жақсы көретінін, нені ұнатпайтыны жайлы, қандай адамдармен араласып, қандай адамдардан қашық жүруді дұрыс көретіндіктері жайлы анығырақ білді. Бұл семинар тренингтің де негізгі мақсаты осы еді, күнделікті сабақ пен үйдің ортасында өтіп жатқан студенттердің уақытын күйбең тіршіліктен алыстатып жақсы, тыныштанған, релаксация сезіміне бөлеп, әр оқушының жан дүниесіне үңілу,оның өмірбаяны,  көңіл-күйі, өмірдегі негізгі ұстанымдарының достарына, қоршаған ортаға қызықты екенін дәлелдеу.
   Мұндай сыр-сұхбат негізінде өткізілген семинар-тренинг студенттердің жанына жақын,әр студенттің осындай отырыстарды іштей сағынатындығы байқалды,тренинг барысындағы олардың шынайы жымиып,салмақты жауап берулері тек осыны дәлелдеді.
    «Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы  ...
    Мына өмір шыдамдыны ұнатады» -деп Мұқағали ағамыз жырлағандай, бүгінгі күнге ризашылық білдіріп, тәубә деп, бейбітшілік заманда, ата-ана, туған - туыс, әрдайым жанымыздан табылып, демеу болып жүретін дос-жарандарымызға керек екенімізді, осынау жаңа белестерге, қызықтарға толы өмірде дәл сіздей жанның өзіндік орны бар екенін ұмытпағайсыздар, құрметті студент-жастар!

«Жас Отан» жастар қанатының 
                               PR менеджері:
Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы

Болашағым - берекелі бірлігім

  20.10.2011жыл. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  № 2 жатақханасында Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының  жетекшілігімен «Болашағым-берекелі бірлігім» атты танысу кеші өтті.Мерекелі кеш жатақхана студенттеріне  арналғандықтан,барлық факультеттің жатақхана тұрғындары шақырылды.Кешке жиналған қауым концерттік бағдарламаның басталуын асыға күтіп,өздерінің айналасындағы болып жатқан қоғамдық жұмысқа деген қызығушылықтарын, әрі жауапкершіліктерін танытты.
  Әне міне дегенше,мерекелік кешіміз де басталып кетті.Алдын ала дайындалған сахна мен әдемі жүргізушілер, Қуаныш пен Гауһар көрермен назарын бірден өздеріне аударды.Алдымен Семей мемлекеттік педагогикалық институты қазақ филологиясы факультетінің 1 курс студенті жас болса да талай жыр мүшайрасының жеңімпазы, ақын  Қуаныш   өзінің арнауын орындады. Арнаудың бірінші болып орындалуы, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.Салтанатты жиын басталысымен оқу орнымыздың тәрбие бөлімінің маманы Үмбетаев Шыңғыc Амантайұлына,Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлына және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Көсетова Феризатқа құттықтау сөз берілді. Кейін жатақхана тәрбиешілеріне сөз беріліп, Республикамыздың президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «20 игі іс» бағдарламасына орай Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атынан жатақханаға 20 отырғызылған бөлме гүлдері сыйға тартылды. Осылайша Жас отандықтар кішігірім болса да,шын ниетпен,шын жүректен берілген сыйлықтарымен жатақхана ұжымын қуантып қана қоймай,еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.Келесі кезекте институтымыздың белсенді де,дарынды 1-курс студенттері бар өнерлерін ортаға салды.Гүлдер-ай тобының мың бұралған бишілері,Серік ,Архат пен Серікжандардың  әсем әндері, Райгүлдің өзбек биі мен Нұрзияның скрипкада қазақ әуенін орындауы көрерменді керемет күйге бөлеп, бірден баурап алды.
  Студенттерге арналған сан түрлі, қызықты да, әуенді ойындар ойнатылды. Жеңімпаз ойыншылар да тысқары қалмай,оларға арнайы дайындалған кішігірім сый-сияпат ұсынылды.
   Көрермендер таңдана тамашалаған, көпке дейін көкейінде жүретін жоғарғы дәрежедегі мерекелік кеш, көзді ашып жұмғанша өте шықты.Жас Отан  жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Болашағым - берекелі бірлігім» атты мерекелік кеш мерекелік көңіл күймен өз мәресіне жетті.

  «Жас Отан» жастар қанатының 
                               PR менеджері:
Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы
 
 

    20.10.2011жыл. Қазан айының 15 күні   Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында «Студенттерді қабылдау»атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кешке институтымыздың барлық бірінші курс студенттері ат салыса қатысты.Аталмыш іс-шараға ректорлар,проректорлар,әр факультеттің декандары қатысып,бірінші курс студенттерін құттықтады.Әр факультет өз өнерін ортаға салып,кешіміздің сәнін келтірді.
 Біздің тарих-филология факультетіне келетін болсақ,Ф-111- ші топ студенттері Ақерке Қайырханова  мен Дана Ақанова «Балмұздақтар» рөлін сомдап «Тарих филология факультетіне» саяхат жасады.Саяхатымыздың мақсаты-1986 жылғы қазақ елін дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы мен 1995 жылы қабылданған Ата заңымыз болып табылды.1986 жылғы желтоқсан оқиғасын И-131 тобының студенті Еркебұлан Серикқан Қайрат Рысқұлбековтың рөлін сомдаса, Мағжан Шакаримов сол кездегі қатал милицияның бейнесіне кірді. Ал,1995 жылғы Ата заңға келетін болсақ,оны И-133 топтың студенті Халисан Аманғали жоғары  дәрежеде орындады.Сондай-ақ,біздің факультетте өнердің сан түрі бар екенін дәлелдедік деп те айтсам болады.Себебі,Ф-114 ші топтың студенттері өздері құраған әсем де көркем билерімен көрермендерді таңғалдырса, И-131 топтың студенті Ақбота Байысбай пианинода ойнады.Ф-111 ші топтың студенті Нурзия Мажитова скрипкада тамаша әуенді ойнап,көрермендер назарын өзіне аударды.Қойылымның соңын  И-132 ші топтың студенті Арман Ақанов факультет әнұранымен аяқтады.
     Іс-шараның соңында Республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған «Серілер» КВН командасы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
  Бірінші курстарға арналған «Студенттер қатарына қабылдау» атты салтанатты іс-шара өте қызықты,әрі жоғары деңгейде өткен болатын.
Бұндай кештеріміз әлі ақ өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Бұл біздің студенттердің Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аз да болса қосқан үлесі деп есептеймін

 
 
 Нәсіпбекова Сая
Тарих-филология факультетінің студенті

         

 
 
Болашағым - берекелі бірлігім
 
18.10.2011жыл.   Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  № 2   жатақханасында Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының  жетекшілігімен «Болашағым-берекелі бірлігім» атты танысу кеші өтті. Мерекелі кеш жатақхана студенттеріне  арналғандықтан, барлық факультеттің жатақхана тұрғындары шақырылды. Кешке жиналған қауым концерттік бағдарламаның басталуын асыға күтіп, өздерінің айналасындағы болып жатқан қоғамдық жұмысқа деген қызығушылықтарын, әрі жауапкершіліктерін танытты.
  Өз уақытында басталған мерекелік кеште оқу орнымыздың тәрбие бөлімінің маманы Үмбетаев Шыңғыс Амантайұлы, Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлына және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Көсетова Феризатқа құттықтау сөз сөйледі. Кейін жатақхана тәрбиешілеріне сөз беріліп, Республикамыздың президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «20 игі іс»бағдарламасына орай Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атынан жатақханаға 20 отырғызылған бөлме гүлдері сыйға тартылды. Осылайша Жас отандықтар кішігірім болса да, шын ниетпен берілген сыйлықтарымен жатақхана ұжымын қуантып қана қоймай, еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп өтті. Келесі кезекте институтымыздың белсенді, дарынды 1-курс студенттері бар өнерлерін ортаға салды. Гүлдер-ай тобының мың бұралған бишілері,Серік ,Архат пен Серікжандардың  тамылжыта салған әндері,Райгүлдің өзбек биі мен Нұрзияның скрипкада қазақ әуенін орындауы көрерменді керемет күйге бөлеп, бірден баурап алды.
  Студенттерге арналған сан түрлі,қызықты да, әуенді ойындар ойнатылды. Жеңімпаз ойыншылар да тысқары қалмай, оларға арнайы дайындалған кішігірім сый-сияпат ұсынылды. Жас Отан  жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Болашағым - берекелі бірлігім»атты мерекелік кеш мерекелік көңіл күймен өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміз - тұрақты, жастарымыз қуатты болсын!
 
 
«Жас Отан» жастар қанатының  PR менеджері:
                                                     Жақасбекова Әйгерім Мерғанымқызы                                    
 

 
Ақиық ақын – Мұқағали

 
19.10.2011жыл.   Биыл барлығымыз білетіндей поэзия әлемінің пірі – Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойы. Ақиық ақынның 80 жылдығы тек 14 ақпанда ғана емес, жылдың әр күнінде тойлануға лайық деп білген Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасында ашылған «Болашақ» жастар клубының белсенді мүшелері қазан айының оныншы жұлдызында мерейтой иесіне арнап поэзия кешін ұйымдастырды.
    Бұл кешке жатақхана тұрғындары ішінен жүрегі өлең деп соғатын Мұқағали сүйер қауымның  барлығы да қатысты.  Жатақхана тұрғындары Мұқағалидың сыршыл өлеңдерін оқып, әдемі де әуезді әндерді шырқап, кештің сәнін келтірді. Атап айтар болсақ, Ақбабаұлы Ардабек, Дәулет Ерлан, Ақылбек Ықлас, Сағындықова Қарлығаш ақынның өлеңдерін мәніне келітіре жатқа оқып, тыңдарман жүректерге жол таба білді.
    Ақынның саз әлемінде шоқтығы биік шығармалары да бір төбе. Көпшілік көңілінен шығып жүрген «Сенің көзің», «Мен сені ұнатамын» сынды әндерін нақышына келтіре шырқаған Нұрсыдық Ерсін, Мақаев Жасұлан, Намысова Махаббат тағы басқа жас әншілер болашағынан зор үміт күттірер өнерлі жастар екенін бір дәлелдеді.
    Кеш соңында № 1 жатақхана тәрбиешісі Жақаева Әсем Қуанышбекқызы:
-    Бүгінгі кеш өзіндік мәнге ие болды. Ақынның әр өлеңі – бір әлем. Күллі поэзия әлемінде шоқтығы биік мұзбалақ ақынның жауһар жырлары мен әсем әуендері әр қазақтың жүрегінен орын алмақ. Осы кешті ұйымдастырушыларға  үлкен алғыс білдіремін.


Төлеуова Мөлдір
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
                   «Болашақ» жастар клубының жетекшісі     
                                                         

 
Жастарымыздың тағы бір игі ісі...

 
18.10.2011жыл. Бізді қоршаған қоғамда әр адам, әр тірі жан иесі қамқорлықты қажет етеді. Мәдениетті де өркениетті қоғам қалыптастырамыз десек, «бесіктегі баладан, еңкейген қарттарымызға» дейін қамқорлық көрсетіп, шынайы адал бола білуіміз керек. Сол мақсатты ұстанып жүрген Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» жастар қанаты  «Семей қаласының тұрмыс жағдайы нашар және ата – анасы жоқ балаларға арналған интернатқа» барып қайтты. Ол жерге барудағы негізгі, шынайы ниет сондағы балалардың көңіл- күйін көтеріп, күлімсіреп тұрған көздерін көру, барған студенттердің бір күндегі тым болмаса үш сағатын босқа өткізбегені. Студенттеріміз бұл іс- шараға белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.
  «Бала – өмір гүлі». Соны түсіне білген әр азамат, менің ойымша, әр уақытта бар ниетімен балаларды айалап, оларға қамқор болуды өзінің өмірлік ұстанымына айналдыру керек. Біздің болашақ жалынды жастарымыз қамқорлықты, аяушылықты, сүйіспеншілікті сезіне өсуі керек. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» жастар қанатының интернатқа бара отырып, балалармен өзара түсінісіп, достыққа шақырды. Себебі, өзара түсіністік – бір адам немесе бір қоғамда бірге өмір сүріп, бір ауамен тыныс алып жатқан адамдардың бір- бірімен түсінісіп, жақсы қарым- қатынаста болуы. Жасотандықтар сол балалармен тіл табысып, бауырмалдық, қамқорлық, кішіпейілдік сияқты өз бойларындағы қасиеттерін дамыта түсті. Балалармен ойын ойнап, көңіл көтеріп қайтқан студенттер бір сәт балалық шаққа саяхат жасап келгендей жаңа күйге енді. Бұндай игі істерді жалғастырып, одан да биік мақсаттарға қол жеткізе білуіміз керек. «Жақсы адам – тәңірдің нұры» демекші, жақсы адамның адамға берері көп болса, тәңірдің берер бақыты да мол болады...
.   
 
 
 
Балтабеков Еркебұлан
Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті


 
 

                                                                                                                      Періштелер көнілі үшін...

18.10.2011жыл. Өміріміздің гүлі, еліміздің болашағының кепілі болатын, ол қазіргі біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз. Осы періштелеріміздің өмірінің әр күні қуанышқа толы болса дейміз! Қазіргі таңда олар өздерін қоршаған әлемді, жан- жануарларды, табиғат сырын танып- білуге ұмтылады. Сол қажеттіліктерін қолымыздан келгенінше қанағаттандыруымыз керек. Бір баланың күлгені, періштенің ризалығы деп түсінемін... Сол мақсатымызға жеткізетін аз да болса бір мүмкіндік, ол «Шапито» цирк бағдарламасының келуі...
Қаламызға қазан айының 14 – 24 күндері аралығында «Шапито» атты цирк келді. Бұл ШОУ- дың бағдарламасында көптеген қызықты номерлер қарастырылған. Таңғажайып жануарлардың өнерлерін бізге ұсынады. Цирктың гастрольдері Қазақстан Ресрубликасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Осы цирктың хабарландырулары мен афишасын қала көлемінде таратып, ілуде Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының командасы көмектесті. Ал «Шапито» цирк ұйымдастырушылар тарапынан бұл көмектің ақысы ретінде 500 тегін билеттер беріледі. «Жас Отан» жастар қанаты сол билеттерді қаламыздағы балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерімізге сыйға беріледі. Сол мақсатта Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» жастар қанатының командасы да бұл іс- шараға ат салысты. Қазан айының 8 мен 9 күндері сол хабарландырулар мен афишаларды қала бойынша таратты. Күннің жаңбырлы, суық болғанына қарамастан жасотандықтар өз міндеттерін нақтылы тусініп, балалар көңілі үшін жұмыс атқарды. Берілген 500 билеттерді алған әр баланың сол күні ерекше болып өтсе және жүзінен күлкі үзілмесе деген шын ниетіміз бар!      
 
 
Балтабеков Еркебұлан
Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті

 
                                                                                                                       Рухани, мәдени жаңа серпіліс...

 
18.10.2011жыл.  Бір қоғамда өмір сүре отырып әр адам немесе қандайда бір топ өздерінің ара- қатынастарын әр уақытта жаңа деңгейге көтеріп отыруы керек. Себебі адам адамсыз тіршілік ете алмайды. Және де адам болмаса қазіргі біздің қалыптастырып отырған қоғамымызда өмір сүруін тоқтатады. Ал Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» жастар қанаты сол мақсатта 2 қазан күні командасымен қаламыздағы Абай атамызға арналған мұражайға барып, тарихымыздың тылсым дүниелерін тағы да ақтарып қайтты. Жаңадан жасотандықтар құрамына келіп жатқан 1 курс студенттерімен қарым- қатынасты нығайту мақсатында және мәдени, рухани нақышта сипатталған мәнді күн болды. Осы мұражайды аралай жүре Абай атамыздың бейнесінде көптеген тарихи оқиғаларды көз алдымызға елестетіп бір сағат ішінде сол заманға саяхатқа барып келгендей болдық. Жасотандықтар әлі дұрыс қарым- қатынас қалыптастыра алмай жатқан суденттермен танысу үшін, мұражайды аралап болған соң, таза ауада әртүрлі қызықты ойындар ойнап, достық қатынастарын нығайта түсті. Естелікке фотосуретке түсіп, бір- біріне болашақтағы мақсаттарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Балтабеков Еркебұлан
Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті

 

                                                                                                                           Тіл – жас буынға аманат...
20.09.2011жыл.  <input height="90" align="left" type="image" width="120" src="/userfiles/image/P1010658.JPG" /> Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет болғанына 20 жыл болды. Осы тәуелсіздігімізді нығайтып, әрқашан жаңа дем беріп отыратын тіліміз – қазақ тіліміз! Тілімізді жастарымыздың арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Тіл мерекесі күніне арналған «Жас Отан» жастар қанатының «Қазақша сөйлейік!» жобасының аясында «Тілге құрмет – ұрпаққа міндет!» атты апталық өтті. Ол апталық Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырумен  2011 жылдың 12- 19 қыркүйек аралығында болды. Бұл іс- шараның негізгі мақсаттары: ҚР- ның азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2009- 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат- міндеттеріне сәйкес жастар арасында патриотизмді қалыптастыру; студенттер арасында мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту; жастардың бойында «мемлекеттік тілдің» мәртебесін<input height="90" align="right" type="image" width="120" src="/userfiles/image/P1010676.JPG" longdesc="undefined" /> көтеру туралы ой тастап, тіл мәдениетін орнықтыру; ҚР- ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ат салысу; жас буынның тілге, елге деген патриотизмін арттыру болды. Бұл апталық 3 кезеңнен тұрды. Яғни, «Тілге құрмет – ұрпаққа міндет!» атты қалалық жас ақындар айтысы, «Тіл менің – тірлігімнің айғағы!» тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тіл туралы мақалалар жариялау және телеарналардағы сұхбаттарға қатысу. Ел болып ары қарай дамып, өркендейміз десек, болашағымызды жарқын қыламыз десек ана тіліміз – қазақ тілінің абыройын арттырып, жоғары деңгейге көтеруіміз керек!
 
 
Балтабеков Еркебұлан
Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті

                                                                  Ұстаз - ұлы тұлға

           2011 жылдың 7 қазанында « Ұстаз -ұлы тұлға» атты тақырыпта 050110 «физика» мамандығы бойынша оқитын Т- 321  топ студенттері ашық топ сағатын өткізді. Топ сағатына физика және информатика кафедрасының оқытушылары және  Т-121, Т-141,Т-143 У  топтарының студенттері қатысты.
     Топ сағаты жарыс түрінде өткізілді . Ұстаздар және студенттерден құралған «Жас қыран» және «Барыс» командалары үш турдан тұратын (физикалық сұрақтар,көңілді,тапқырлар,атадан  балаға  өсиет) атты  тақырыптар  бойынша  сайысқа  түсіп,өз  өнерлерін,білімдерін  ортаға  салды.Топ  сағаты  барысында  Т-121  тобының  студенттері  Гулдерай  мен  Нұрлыбек  әннен  шашу  шашып, Аюпова  Мөлдір   мың  бұрала  билеп  өздерінің  өнерлерін  көрсетті. Т-141  тобының  студенті  Сабиева  Динараның  орындауындағы  “Ертегілер”  әні  және  Т-121 тобының  студенті  Дүйсенбаева  Алуаның  орындауындағы  “Ерке  сылқым”  күйі де  студенттер  мен  оқытушылар  көңілдерінен  шықты.
Ұстазсыз қараң күн деген,
Ұстазбен санаң гүлденген.
Ұстаздар аман болсыншы,
Ұстазсыз адам тұл деген – сөздермен  жүргізушілер  Т-321  топ  студенттері  Жұмаділова  Наурызай  мен  Ермак  Жұлдыз ашық  топ  сағатын  аяқтады.

 

 Нәсіпбекова Сая
Тарих-филология факультетінің студенті


Институт ақындары жыр бәйгесінде
 


   07.10.2011ж. Қазан айының алтыншы жұлдызында Семей қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы алау жыр» атты аймақтық айтыс өтті. Қазақстанның әр аймағынан келген арынды ақындар Семей халқын жалынды жырға бөледі. Семей полигонының жабылуына 20 жылдық тақырыбын арқау еткен ақындар полигон зардабын, халыққа тигізген кесапаты, жан түршігерлік жағдайларды тілге тиек етті. Ақындар осы тақырыппен ғана шектеліп қалмай, қоғамдағы сан қырлы тақырыптарға тоқталды. Айтыскерлер талантына тамсанған халық, ақындарға қолдау көрсетіп, шабыт беріп отырды. Таңдайынан тамылжыта жыр төккен ақындар жүзден жүйрік өрен екендіктерін байқатты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша институтымыздың Қазақ филологиясы факультетінің 2 курс студенті ДӘУЛЕТ ЕРЛАН – 2 орын, АҚБАБАҰЛЫ АРДАБЕК, САТЫБАЛДИН МАНАРБЕК, МАҚАЕВ ЖАСУЛАН – 3 орынды иеленді.

Аламанда тайсалмай топқа түскен ақындарымызға шалқар шабыт, өлең өлкесінде тек қана биік шыңға жетулеріне тілектеспіз.

 


 
Тахирова Мадина
Қазақ филологиясы факультеті


 



Жұмабеков Асхат  -  «Болашақ» корпоративтік қорының жеңімпазы
 

   
06.10.2011ж.    «Болашақ» Ассоциациясының ұйымдастыруымен 2011 жылдың  30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Өскемен қаласында студенттер, магистранттар, жас оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер жасаған жаңашыл жобалар ұсынылған «Қазақстан-2030» форсайт-семинары өткізілді.
    Форсайт-семинардың 1-турында Семей  мемлекеттік педагогикалық институты физика-математика факультетінің «физика» мамандығы бойынша Т-322 курс студенті Жұмабеков Асхат 1 турына қатысу жолдамасын жеңіп алып (ғылыми жетекшілері: физика және информатика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С. Маусымбаев және ф.м.ғ.к., доцент Г.У.Нурабаева), Семей аймағының болашақ дамуына арналған Семей сынақ  полигонының жабылуына және биотехнологиялық саладағы  онкологиялық диабетикалық және т.б. ауруларды  емдеуге арналған жаңа дәрі-дәрмектер жасап шығаруға қатысты өз жобасын ұсынып, арнаулы сертификатқа ие болды.

 
Физика-математика факультетінің студенттері «Тіл - достықтың кепілі» атты іс-шарада
 
       Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Тілдерді колдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналган мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан халкы тілдері күні мерекесіне арнап өткізілген «Тіл - достықтың кепілі» атты іс-шарада мемлекеттік тілді білуден институт ректорының жүлдесі үшін өткізілген сайысқа физика-математика факультетінің Т-122 топ студенті Андреев Игорь. Т-242 топ студенті Кұрбанова Нурия. Т-322 топ студенті Шакула Антон катысып, 3-ші орьшды жеңіп алғаны үшін бағалы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталды. Факультет студенттерінің мемлекеттік тілге деген құрметі мен ынтасы жыл сайын артуда.
    

 
«20 жылдыққа 20 қайырымды іс» акциясы аясында
 
      Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «20 жылдыққа 20 қайырымды іс-шара» акциясы өткізілуде. Осы акцияның аясында физика-математика факультетінің оқытушылары мен студенттері қыркүйек айының 30-жұлдызында Семей қаласындағы «Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналган интернаттың» оқушыларына қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Интернат оқушыларына 400 литр сүтке акшалай көмек көрсетіп, оларға үлкен концерттік бағдарлама мен ойын-сауық ұйымдастырылды. Студенттер ертегі кейіпкерлерінен қойылым көрсеттІ. Ойынға катысушы балалар бағалы силықтармен марапатталды.
           

 
Серілер КВН командасы ақтық мәре-финалға жолдама алды
 
Серілер КВН командасы 24   қыркүйекте   Семей   каласында   өткен   Республикалық   Шығыс   Орталык   КВН сайысының жартылай финал ойынына қатысып, ақтық мәре-финалға жолдама алды. Серілер КВН командасынын мүшелері:
1.    Галымбеков Қуаныш Т-441
2.    Тлеутаев Фархаі Т-34І
3.    Толеутаев Еркебүлан Т-341
4.    Исабаев Рауан Т-341
5.    Малгаждаров Мирас Т-143у
6.    Алтыбаев Мейіржан Е-147у
7.    Жакупжанов Қуаныш
8.   Ибраев Саят
 

 
Серілер Петропавлда        
 
      Физика-математика факультетінің студенттерінен құрылған Семей мемлекеттік педагогикалык институтының «Серілер» КВН командасы 2011 жылдың 19-23 кыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл (Қызылжар) каласында өткен Республикалық қазақша КВН ойынының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, көрермендер шешімімен 2-ші орын алды. Ойынға Петропавл қаласының зиялы кауымы мен әкімі қатысты. Ойында еліміздің беделді командалары өнер көрсетті.      

 
       «Алло, мы ищим талантов» байқауы.

     Семей мемлекеттік педогогикалық институтының бас ғимаратында 27.09.2011 сағат 15:00-де Тарих-филология факультетінің ұйымдастырумен «Алло, мы ищем талантов» байқауы өтті. Ол ТФФ-нің 1 курс студенттеріне арналған іс- шара.
   Бұл іс- шараның мақсаты тарих-филология факультетінің 1 курс студенттерінің өнерін байқау. Әр адам бойында өзіне тән қасиеті, өнері болады. Сол себепті студенттер бойында ашылмай, бұғып жатқан таланттарының ашылып, көркейуіне мүмкіндік беруді мақсат етіп өткізілді. Жаңа келген студенттерімізді жан- жақты рухани дамытып,  болашақтарына жол сілтеу. Бұл байқауға қатысам деуші студенттердің саны шектелмеді. Себебі әр студентке барынша мүмкіндік берілуі тиіс және өздерін тек жақсы жақтарынан көрсете білсін ниетпен өткізілген іс- шара болды.
    Осы өткен байқаудағы студенттердің өзін-өзі көрсетуі көрермендерге, тіпті, барша отырған қауымға өте жағымды әсер еткені ешбір талас туғызбайды. Осы жылғы жиналған студенттердің көбісі өте дарынды, өнерлі жандар болып шықты. Бұл кештің жоғары деңгейде өтуіне тарих – филология факультетінің жоғарғы курс студенттері үлкен үлес қосты. Шынайы, көрермен сүйіп көретін өнер көрсеткен студенттермен қосымша дайындық жұмыстарын жүргіземіз.

                                                                                                                                                                                                 ТФФ кіші деканат
     

 
   Жатақханадағы «БОЛАШАҚ» жастар клубы өз жұмысын бастады...


    Үстіміздегі жылдың 29 ќыркүйегінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттік жатақханасында «Болашақ» жастар клубының тұсаукесер кеші өтті.  «Болашаһ» жастар клубы тєрбие жұмысының басым бағыттары ретінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-өнегелі тәрбие, интеллектуалдық-шығармашылық  тєрбие, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
    Шара барысында өнерлі студентттер   Алтай Берікбол, Қайрат Амангелді, Дамыс Мейрамгүл, Бөрдібай Серікбектер ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, тамаша ән-шашуларын ұсынды. Салтанатты түрде «Болашақ» жастар клубының тұсау кесер рәсімін Семей қалалық «Жас Отан»  жастар қанатының атқарушы хатшысының І орынбасары Балтабеков Еркебұлан және Жатақхана студенттер кеңесінің төрайымы Ахметжанова Балжан жүргізді. Клубтың жетекшісі болып, қазақ филологиясы факультетінің 2-курс студенті Төлеуова Мөлдір тағайындалды. Кештің қонақтары институтымыздың «Серілер» КТК командасы өзінің тамаша әзілдерімен бөлісіп, студенттерге мерекелік Кеш сыйлады.  Шараны ұйымдастырушы, осы клубтың ашылуына ұйытқы болған №1 жатақхана тәрбиешісі Жақаева Әсем Қуанышбекқызына үлкен алғысымызды  білдіреміз.
 
 

Аманжолова Ардақ
Жатақхана тұрғыны, физика-математика
Факультетінің 2-курс студенті
       

 
«Президенттік миля - денсаулыққа жол - 2011»
 
 
   «Президенттік миля - денсаулыққа жол - 2011» Республикалык акцияны дайындау және өткізуге физика-математика факультетінің студенттері мен окытушылары белсене араласты. Бұл акция қыркүйек айының 24-ші жұлдызында факультеттер мен 1-курс студенттерінің арасында өткізілді. Факультет ұжымы ауа райының қолайсыздығына қарамастан үлкен жауапкершілікпен қатысты. Осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін физика - математика факультетінің ұжымы алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бірінші курс студенттері Т-112-ші топтан Темирбеков Багдат, Т-121-ші топ студенті Шотанова Асем «Президенттік миля» бағдарламасына белсенді катысып, 1-ші орын иеленгені үшін институт ректорының Алгыс хатымен марапатталды.
 
        
 
                                Жатақханада гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді...

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, еліміздегі барлық қалаларда гүлдендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Игі шараның жалғасы институтымыздың студенттік жатақханасында өз жалғасын тапты. 
Институтымыздың студенттер жатақханасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің бос уақытыны тиімді пайдалану мақсатында гүл отырғызу шарасы жүргізілді.  Гүл отырғызу  шарасына студенттер белсенділікпен қатысты. Әрине, бұл шара біздер, студенттер үшін өте пайдалы және маңызды. Сонымен қатар жатақханамыз көркейіп қалғанына қуаныштымын.

                                                                                                                            Кеңесханова Раушан
                                                                                                                            Жатақхана тұрғыны,
                                                                                                                            физика-математика факультетінің
                                                                                                                            2- курс студенті 
 
 

 

 
Тәуелсіздікке ақ тілек!
 
       Көнеден қалған сөз өнеріміздің бірі – айтыс. Оны жоғалтпай
жандандырып дамыту, ұлтымыздың мақтанышына айналдыру –
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
     Бүгінде халықтың қалың ортасынан жарып шыққан,
ел мен жердің тарихын, қадір-қасиетін терең ұғынып,
жүрегіне тоқи білген талантты, дарынды жастарды танып,
тауып тәрбиелеу ісі маңызды мәселелердің біріне айналуда.
Айтыс өнері – бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас
бір бөлігі. Бұл өнер – ұрпақтан-ұрпаққа, буыннан-буынға
ауысып өрісі ұлғайып ілгерлеп дами береді.
    Институтымыздың студенттер жатақханасында
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қыркүйек
айының 27 жұлдызында «Тәуелсіздікке ақ тілек» тақырыбында
ақындар айтысы өткізілді.
     Бүгінгі айтысты өткізудегі мақсатымыз айтыскерлердің Тәуелсіздімізгн арнаған ақ тілектерін тыңдау және студенттердің
бос уақытын тиімді пайдалану,- деп іс-шараны ұйымдастырушы, №1 жатақхана тәрбиешісі Жақаева Әсем
Қуанышбекқызы өз сөзін сабақтады.
    Қазақ филологиясы факультетінің 2 курс студенті Ақылбек Ықластың жүргізуімен өткізілген айтыс өзіндік
мәнге ие болды. Жатақхана тұрғындары, айтыскер ақындар Дәулет Ерлан, Ақбабаұлы Ардабек, Мақаев Жасұландар
өзінің елге, туған жерге деген ақ тілектерін жеткізді.
    Аталған шарадан алған әсерім зор және барлық студенттер жақсы ой түйді деп есептеймін.
                                                                   
                                                                                                                          Төлеуова Мөлдір
                                                                                                                          Қазақ филологиясы факультетінің
                                                                                                                         2 курс студенті,
                                                                                                                         Жатақхана тұрғыны.

 

 
Қазақ күресінің палуандары – біздің ордада...

       Қазақ күресi – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық спорт түрi. Сондықтан да бiз қазақ күресi арқылы қазақты танытуда тер төгіп жүрген палуандарымыз жетерлік. Қазақ күрес федерациясының орталығы – Қазақстан. Ал Оның Шығыс және Еуропа бөлiгi бар.
     2011 жылдың 7 қыркүйек күні   Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ күрес» Федерациясы және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының қазақ күресінің палуандарымен кездесу өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ күрес» федерациясы үстіміздегі жылы нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Қарағанды қаласында өткізілген спартакиадада жалпы командалық есепте 2 орын, Шымкент қаласында өткізілген Қазақстан Республикасының кубогы чемпионатында «Қазақстан кубогын» иемденді. Жоламанов Шалқар – Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жарысының қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, кездесуге:    Казимов Амантай Казымұлы - Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ күрес» федерациясының  вице – президенті; Тұрсынов Шыңғыс Бейсенұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші; Коржикенов Серік - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері; Чармухамбетов Қайрат Жұматайұлы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы; Жоламанов Шалқар – Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жарысының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының Кубок иегері; Нұғымаров Айбек – Қазақ күресінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2010 жылы Әлем чемпионатының түйе палуаны; Тұрсынов Мұхит - Қазақ күресінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының Кубок иегері  т.с.с.
      Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ күрес» Федерациясының бүгіні және болашағы туралы айтылды. Аталған шараның мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
        Өз кезегінде сөз алған  Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жарысының қола жүлдегері  Жоламанов Шалқар:
   - Мен  «Қазақстан барысы» жарысында Шығыс өңірінің абыройы үшін қолымнан келгенше тырыстым. Осындай жоғары деңгейге жеткізіп отырған жаттықтырушыларыма үлкен алғысымды білдіремін. Кейінгі өзімнің ізбасарларыма айтарым, еңбектену арқылы барлық белесті бағындыруға болады. Бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған  және үнемі бізге қолдау көрсетіп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақ күрес» Федерациясының Президенті Мейір Ескендіровке ерекше алғысымды айтқым келеді.



Қазақ күресінің келешегі келбетті, болашағы жарқын болсын!

 


                                                  Қазақ радиосының журналисті біздің ордада…


    «Қазақ радиосының» 90 жылдығы қарсаңында «Қайырлы таң, қазақ елі!» бағдарламасының редактор – жүргізуші  Жарқын Сәлемұлы институт жастарымен еркін сұхбат жүргізді. Институт студенттері Жарқын  ағамызбен өз ойларын бөлісті. «Ұлт мүддесі қашанда ойымызда болсын» деп сөз бастаған ағамыз кеш қызуын жандандыра түсті.Кездесуде ұлт мүддесінің басы болып саналатын қазақ тілінің жағдайы, қазақ қыздарының тәрбиесі, тіл, дініміз жөнінде сөз болды. Дін мәселесіне келгенде  үлкен қызу тартысқа ұласып,  алысты болжайтын Жарқын ағамыз  « Дін мәселесі -  рухани жұтаңдық  және әлеуметтік жағдайға келіп тірелетінін айтты.  Қазақты қазақ күндеп, қазақты қазақ тілдеп жатқан мына қоғамда  көкейінде жүрген тамаша  сұрақтарын студент жастар  орынды қоя білді. Қазақ радиосына деген  өз алғыстары мен ұсыныстарын білдірді. Ағамыз бұл ұсыныстардың жерде қалмай,  болашақта шешімін табатынын айтты. Жиынға жиналған барша қауым ризашылығын білдіріп, көңілді тарқады.  

                                                                                                                             Қазақ филологиясы факультетінің студенті
                                                                                                                             Тахирова Мадина

 


                                                                    Жаһандану және Ќазаќстан жастары

   Соңғы уақытта әлем елдері алдында жаңа бір ерекше құбылыс пайда болды. Ол – жаһандану. Дәл қазір жаһандануға нақты анықтама берілмеген. Әр тұлға өзінше анықтама береді, өзінше сипаттайды, өзінше түсіндіреді.  Аталған тақырыпты студенттер арасында кеңінен талқылау және студенттердің қоғамдыќ пікірін қалыптастыру мақсатында, №1 жатақхана тәрбиешісі Жакаева Әсем Қуанышбекқызының ұйымдастыруымен «Жаһандану және Қазақстан жастары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жатақханада ұйымдастырылған шараға студенттер белсенділікпен қатысып өз ойларын ортаға салды. 
Сонымен жаһандану дегеніміз менің ойымша әр елдің жан - жақты сынға түсіп, сол сыннан өзінің озық тәжірибелерін көрсете білу, басқа елдермен терезесін тең ұстауы немесе озып шығып көшбасшы болу, қолынан келсе үстемдік етуі. Елдің мұндай дәрежеге жетуі үшін ең алдымен халқы, жастары білімді, денсаулықтары мықты болуы шарт. Денсаулығы мықты, білімді адам өзін және қасындағыларды кез келген жерден алып шыға алады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаһандық тәжірибенің күнгейінен ғана емес, көлеңкесінен де тағлым алу керек» және тағы бір сөзінде «Дүние жаһандық, өзара тәуелділік сипат алды: жаһандық әріптестік үстемдік ету үшін бұл таным біздің берік принципімізге айналуы тиіс» - дейді, яғни Қазақстан жаһандық процестегі өз орнын алып, сонымен бірге өмір сүріп отырған әлемдегі елдердің бірі болып табылады.
    Шынайы өркениетті жаһандану мен әлемдік үйлесімге қол жеткізу үшін еңбек еткенағаларымыздың, оның іс басындағы ерекшеліктерін олардың ісін басып келе жатқан жастарды, өмірге жаңа келіп балалық кезеңге аяқ басқан балдырғандарды әлеуметтік сын кезеңін бастан өткізуші жасөспірімдерді жаңа рухта тәрбиелеу және білім беру керек.  Қазіргі әлеуметтік  уақыт баяулыққа төзбейді. Қай елдің әлеуметтік әлеуметі жоғары болса, солар ұтады.



                                                                                                                                       Ахметжанова Балжан
                                                                                                                  Семей мемлекеттік педагогикалық институтының
                                                                                                                  Физика-математика факультетінің студенті